"Ана сүтін ештеңе алмастыра алмайды". Бала емізудің пайдасы жөнінде маман кеңестері
Сүтті көбейтудің жалғыз жолы – баланы жиі емізу және дұрыс тамақтану.Ана сүті дүниеге жаңа келген, өмір сүруге бейімделмеген сәбидің ағзасына толықтай сай келетін жалғыз өнім. Оны ешбір малдың сүті, ешбір жасанды қоспа алмастыра алмайды. Себебі оның құрамында нәрестеге қажет барлық зат бар. Бала емізудің тағы қандай пайдасы бар екенін "Шипагер" клиникасында өткен шеберлік сағатында педиатр, гастроэнтеролог, бала емізу бойынша сарапшы Анастасия Лукьянченко мен педиатр, гастроэнтеролог Григорий Лукьянченко айтып берді.
№1. Бала емізудің ана үшін пайдасы:
Жүктіліктен кейін салмақ тез қалыпқа келеді;
Жүктіліктен кейін салмақ тез қалыпқа келеді;
Окситоциннің бөлінуіне әсер етеді, ал ол жатырдың тез жиналуына ықпал етеді;
Баламен эмоционал байланыс орнатып, күйзеліс деңгейін төмендетеді;
Лактацияның тезірек қалыптасуына әсер етеді және емізу уақытын 4 айға дейін ұзартады;
Омырау және аналық без обыры, қант диабеті, артериалды гипертензиямен сырқаттану қаупін азайтады;
Экономикалық тұрғыдан да тиімді: ана сүті кез келген жасанды қоспадан құнарлы және арзан, әр уақытта дайын тұрады.
Оқи отырыңыз: "Бала үшке толғанша анасы қасында болуы керек". Декрет демалысын ерте үзу неге дұрыс емес?
№2. Бала үшін пайдасы:
Құрамында сәбиге қажет барлық құнарлы зат бар ең керемет өнім. Атап айтқанда, ана сүтінде баланың иммунитетін қалыптастыруға атсалысатын пребиотиктер мен пробиотиктер, балаға энергия беріп, оның миының дамуына әсер ететін ерекше майлар, лактоза, ақуыз, нуклеотидтер мен дәрумендер, минералдар бар;
Баланың физикалық тұрғыда дұрыс дамуына ықпал етіп, шектен тыс семіру мен артық салмақтың алдын алады;
Бала психикасының, интеллектінің дамуына және оның анасымен психикалық байланыс орнатуына әсер етеді;
А иммуноглобулинінің әсерінен барлық инфекциялық аурулардан қорғайды. Мысалы, егер ана желшешекпен ауырған болса, бала да анасының сүтінен желшешекке қарсы иммунитет алады. Айналасында барлығы желшешекпен ауырып жатса да, еміп жүрген кезде бала ауырмайды;
Аллергиялық аурулардың даму қаупін азайтады.

№3. Ана сүтінің үш түрі болады:
Уыз – бала туған соң алғашқы 2-3 күнде келетін сүт. Ол ең құнарлы сүт. Уыз сүтінің мөлшері мен құрамы жаңа туған нәрестенің қажеттіліктеріне бейімделген. Сарапшының айтуынша, бір-екі тамшы уыздың өзі балаға жеткілікті тағам бола алады. Себебі оның құнарлылығы өте жоғары: литріне 1500 ккал болады. Сондықтан перзентханаға өзіңмен бірге жасанды қоспа апарудың қажеті жоқ. Егер балаға шынымен сүт жетіспей, алғашқы күндері нормадан көп салмақ жоғалтатын болса, дәрігерлер қандай қоспа беру керек екенін өздері айтады. Себебі, жасанды қоспаның түрі көп және олардың құрамы да әртүрлі болады.
"Өтпелі сүт" – бала туған соң 4-5 күнде келетін сүт. Оның энергетикалық құнарлылығы уыздан төмендеу: литріне 800 ккал болады.
Нағыз "піскен" сүт – босанғаннан кейін 2-3 аптадан бастап келетін сүт. Оның энергетикалық құнарлылығы литріне 680 ккал-ды құрайды. Екі түрі болады: алдыңғы сүт және артқы сүт.
Алдыңғы сүт бала емізе бастаған кезде бөлінеді. Оның түсі сұрғылттау, су сияқты сұйық болады. Бұл сүт протеиндерге, лактоза мен дәрумендерге, минералды тұздарға бай.
Сәлден кейін сүттің түсі ағара бастайды. Бұл артқы сүт деп аталады. Ол алдыңғы сүтке қарағанда майлы болады, сондықтан энергетикалық құндылығы жоғары келеді.
Сарапшының айтуынша, көп аналар алдыңғы сүтті су сияқты болған соң, құнарсыз деп ойлап, сауып тастайды да, баласын тек артқы сүтпен емізеді. Бұл дұрыс емес. Себебі алдыңғы сүттің құрамында балаға артқы сүттің майлылығын қорытуға көмектесетін пайдалы заттар болады. Сондықтан баланы екі сүтпен де емізген жөн.

№4. Бала емізетін ана қалай тамақтануы керек?
Ел арасында жүкті әйелдерге немесе бала емізетін аналарға көп тамақ жеуді, "екі адам үшін" тамақтану керек екенін айтатындар бар. Дегенмен, бұл дұрыс емес. Бала емізетін анаға түрлі көкөністер, ет пен балық түрлерін, дәнді-дақыл өнімдерін, жаңғақтар жеген жөн. Жоғары аллергенді заттарды азайту қажет, бірақ бұл оларды мүлде жемеу керек деген сөз емес. Бастысы анада жеген тамағына аллергия болмауы қажет.
Кей тағамдар ішекте іруі мүмкін. Олардың қатарында: тәтті нан өнімдері, дүкенде сатылатын йогурттар, жүзім мен газды сусындар бар.
Сонымен қатар ана сүтінің дәмін өзгертетін азық-түлік бар. Мысалы, қырыққабат, пияз, сарымсақ, шалғам сияқты көкөністер сүтке қышқыл дәм береді. Мұндай жағдайда бала емуден бас тартуы мүмкін.
Тым көп майлы тағам жеу де сүттің майлылығын арттырып, баланың іші қату ықтималдығын арттырады.
№5. Сүтті қалай көбейтуге болады?
Кейде жас анаға сүтін "көбейту" үшін сүтті шай немесе шөп шай ішуді, сүтті майлы қылу үшін жаңғақ жеуді, түрлі препарат ішуді ұсынатындар бар. Сарапшы бұлардың ешқайсының тиімділігі дәлелденбегенін айтады. Сүтті көбейтудің жалғыз жолы – баланы жиі емізу және дұрыс тамақтану.
№6. Сүт қатып қалмау үшін не істеу керек?
Ана сүті қатып қалмауы үшін баланы екі омырауымен кезек-кезек емізгені жөн. Мысалы, бала әлі кішкентай кезде бір омырауымен емізгеннен кейін, екінші омырауының сүтін сауып тастау керек. Келесі емізетін уақытта екінші омырауын беріп, бірінші омырауының сүтіп сауып отыру қажет.
Сарапшы осындай бала аз еметін уақытта артылған сүтті сауып, арнайы ыдыстарға құйып, мұздатқышға сақтап қоюға кеңес береді. Себебі 3 айда, 6 айда анада сүт азайып кететін кездер болады. Сол кезде мұздатқыштағы сүтті алып, тоңазытқыштың есігіндегі қалташаға салып ерітіріп, судың буымен жылытып, балаға беруге болады. Бірақ бірінші балаға омырау беріп, кейін ертіліген сүтті берген жөн. Ескерту: бір рет еріткен сүтті қайтадан қатыруға болмайды. Ерітіп берген сүт баладан артылып қалса, төгіп тастау қажет.
№7. Емізу режимін сақтау неге маңызды?
Емізу режимін де реттеп отыру қажет. Себебі жиі-жиі емізе беру де баланың асқазан – ішек жолдарының жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Сарапшының айтуынша, жаңа туған баланы сұранысы бойынша емізсе, перзентхандан шығар кезде күніне 9-10 рет, бала өсе бастаған сайын оны ақырындап азайта бастаған жөн. Жалпы алғанда сарапшылар баланы 1,5-2 сағат сайын емізуге кеңес береді. Өйткені баланың асқазаны сүтті 1-1,5 сағатта қорытады. Ал бала әлі сүтті қорытып үлермей тұрып емізсе, баланың іші ауыруы, құсуы мүмкін.
№8. Омырау ұшы жарылып кетсе не істеген жөн?
Ал баланы дұрыс емізбегеннен омырау ұшы жарылып, емізу қиындайтын кездер болады. Бұл жас босанған аналардың 65 пайызында кездесетін жағдай. Ол үшін баланы дұрыс емізуді үйрену қажет. Сонымен қатар омырау ұшына сабын мен душқа арналған гель тигізбеген, құрамында спирт бар аэрозоль, лосьон қолданбаған абзал. Омырау ұшын мейілінше құрғақ ұстауға тырысып, жараға "Ланолин", "Декспантенол" сияқты жақпамай жағуға болады. Бір ескеретіні – бала емізерде "Ланолинді" жуудың қажеті жоқ, ал "Декспантенолды" жуу керек.
№9. Баланы қай жасқа дейін емізу керек?
ЮНИСЕФ деректеріне сүйенсек, Қазақстанда тек ана сүтімен тамақтанатын балалардың үлесі 37,8 пайызды құрайды. Ал баланы емізу ұзақтығы бойынша алғанда бала 1 жасқа толғанша емізетіндер үлесі 59,8 пайыз болса, 2 жасқа толғанша емізетіндер үлесі – 21,1 пайыз.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, баланы 2 жасқа дейін емізген жөн. Алайда бұл бала екіге келгенше тек ана сүтімен тамақтануы керек дегенді білдірмейді.
6 айынан бастап баланы қосымша тамақтандыруды бастау керек.
"Ең бастысы бала емізетін ананың ұйқысы қанған, тамағы тоқ, көңіл күйінің жақсы болуы шарт. Жас ананың ең маңызды жұмысы – нәрестенің өмірге дұрыс бейімделуіне, дені сау болып өсуіне жағдай жасау. Сол себепті мұндай кезде оған отбасы мүшелері, жақындары көмекке келіп, тамақ істеу, үй жинау, басқа балаларды балабақшаға не мектепке апарып-алып келу сынды жұмыстарын бөлісіп алғаны жөн", – дейді сарапшы.
№10. Егер анаға бала емізуге болмаса:
Кейде жас босанған анаға мүлде сүт келмей қалуы мүмкін немесе бала емізумен сәйкес келмейтін дәрі ішу керек болып жатады. Болмаса, ана ауырып, ауруханаға түсіп қалса да, балаға жасанды қоспа беруге тура келеді.
Сарапшы мұндай жағдайда қоспаны тек дәрігер таңдауы керек екенін айтады. Өз бетінше немесе жарнамаға қарап, қоспа ала беруге болмайды. Сонымен қатар нәрестеге ешбір малдың сүтін бермеген жөн.