Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада мал тұқымын асылдандыру бағытында нақты жұмыстар атқарылуда

Қызылордада мал тұқымын асылдандыру бағытында нақты жұмыстар атқарылуда

Қызылорда облысында мал тұқымын асылдандыру бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен қаралған 2,5 млрд теңгенің қазірге дейін 1,6 млрд теңгесі төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл өңірде мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру бағытында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту көзделуде. Несие немесе өз қаржысына асыл тұқымды мал сатып алған кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан субсидия беріледі. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда 1 мың 179 шаруашылықтың өтінішіне сәйкес 1,6 млрд төленді. «Бұдан бірнеше жыл бұрын 200-300 мал шаруашылығы субсидия алуға ниет білдірсе, өткен жылы олардың саны 1223 шаруашылыққа жетті. Бұл - мемлекет тарапынан қолдау және шаруалар үшін қолжетімді мүмкіндік. 2019 жылдан бастап субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы электронды форматта тапсырыстар қабылданады. Негізгі мақсат - сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу. Бұндай жағдайда қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасында қарым қатынас болмайды», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев. Айта кету керек, облыста табиғи шөпті ору науқаны толықтай басталып кетті. Ол үшін барлық аудандарда штабтар құрылып, шабындықтардың көлемі айқындалды. Облыс бойынша қысқа түсетін малдарға қажетті 770 мың тонна шөптің 393 тоннасы дайындалып, барлық қажеттіліктің 51% қамтып отыр. Сондай-ақ, өңірде мал азығы бағасының қымбаттауына және оған деген қолжетімділігін арттырып, мал азығын алуға жұмсаған шығындарын ішінара арзандату үшін субсидиялауға республикалық бюджет резервінен 1,7 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі күні облыс әкімдігінің қаулы жобасы дайындалуда. Малдарға қажетті құрама жемдердің жетіспейтін көлемін солтүстік облыстардан сатып алу мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің келісімі бойынша «Азық-түлік келісім шарт» ҰК» АҚ арқылы жеңілдетілген бағада 7,4 мың тонна жем сатып алуға тапсырыс берілді.

16 тамыз 2021 ж. 338 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 75

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930