Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елiмiзде 41 градус ыстық болады

Елiмiзде 41 градус ыстық болады

ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов елiмiзде аптап ыстық болатынын ескертiп, өңiрлерге өртке қарсы шараларды бастауды тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Орман және дала өрттерi - қазiргi таңда кең таралған проблема. Жыл сайын олардың саны артып келедi. Мысалы, 2016 жылмен салыстырсақ, өткен жылы орман қорында 2 есе көп өрт тiркелген. Өртенген аумақ 5 есеге артып, материалдық шығын 7 есеге дейiн өскен. Дала массивiндегi өрттердiң де саны артқаны белгiлi. Олардың жалпы аумағы 850 мың гектарға жетiп отыр. Биылғы жылы өрт қаупi жоғары», - дедi Үкiмет отырысында Қасымов.
Министрдiң айтуынша, жыл басынан берi көктем уақытында 45 орман және 4 дала өртi орын алған. Өртенген жердiң жалпы аумағы 10 мың гектардан асқан, ал материалдық залал 4,4 млн теңгеге жеткен.
«Алдағы болжам бойынша орташа температура +30 градусқа дейiн көтерiледi. Ал, елiмiздiң оңтүстiк, шығыс және батыс бөлiгiнде жер құрғап, жауын-шашын аз түседi, ауа температурасы +41 градусқа дейiн көтерiледi деген болжам бар. Бұл әрине орман және дала өрттерiнiң артуына әсер етедi. Жергiлiктi жерлерден келген есеп бойынша барлық өңiр орман және дала өрттерiне қарсы профилактикалық шараларды бастап кеткен», - дедi Қалмұханбет Қасымов.
Еске сала кетсек, кеше Шығыс Қазақстандағы Краснокардонский орман аймағында iрi өрт болып, тiлсiз жаумен жүздеген адам және бiрнеше техника күрестi.
24 мамыр 2018 ж. 1 177 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 149

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 166

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031