Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы аудандық сотында психологтар семинар тренинг өткізді

Қазалы аудандық сотында психологтар семинар тренинг өткізді

Қазалы аудандық соты халықпен тікелей, тығыз қарым-қатынаста еңбек етіп келе жатқан ұжым. Мұндай келушілер түрлі мінез-құлықпен келіп, кейде тіпті эмоцияға беріліп жататын кездер де болады. Осы уақытта қызметкерлердің мақсаты - қызметтік қарым-қатынастың негізгі қағидаларын білу және оны ұстанып, келушілерді сабасына түсіру болып табылады.
Осы орайда Қазалы аудандық сотының төрағасы Д.Мұратбекұлының ұйымдастыруымен, Қазалы аудандық психиологиялық орталығының психологтары А.Тлеумбетова мен А.Жұбаназарова кеңсе мамандарына семинар-тренинг өткізді.
Іс-шараны сот төрағасы Д.Мұратбекұлы аша отырып, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін көтерумен қатар, жүйрік ойлап, әр келеңсіз жағдайға салмақтылықпен қарап, сабырлы шешім қабылдауда осындай семинар – тренингтің маңызы зор екендігін атап өтті.
Семинар-тренинг екі кезеңнен құралып, кеңсе мамандарымен бес сағаттан астам уақыт болды.
Семинардың бірінші кезеңі аудиториямен әңгімелесу түрінде болды. Онда қазіргі әлемдегі күйзеліс, күйзелістен шығу түрлері, теріс энергияның адам ағзасынан шықпаудың кері әсері туралы айтылды. Мысалы, күйзелістен шығудың ең дұрыс әдісі: ұйықтар алдында кітап оқу, өмірдегі қуанышты және қайғылы сәттерді жазатын күнделікті жүргізу, спортпен айналысу, өзіңе деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылады.
Семинардың екінші кезеңінде кеңсе мамандарына ситуациялық тапсырмалар беріліп, түрлі психологиялық ойындар ойнатылды.
Осы кезеңдер арасында қатысушыларға кофе-брейк те ұйымдастырылды.
Семинарды қызметкерлер қуанышты көңіл-күймен аяқтап, психолог мамандардың көрсеткен практикалық көмектеріне алғыстарын жеткізді.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
23 мамыр 2018 ж. 1 425 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930