Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақтардың әр мейрамы табиғатпен астасып жатыр: Жайлау күні қазақтар не істеген?

Қазақтардың әр мейрамы табиғатпен астасып жатыр: Жайлау күні қазақтар не істеген?

Қазақ – табиғатпен біте қайнасқан халық. Табиғат түлеп, жер көгеріп, көктемнің жаршысы – Наурыз мерекесі келіп жеткенде адамдар бұлақтың көзін ашып, ағаш егіп, қоршаған ортаны тазалаған. Бүгін мейрамның жалғасы, яғни Жайлау күні. Осы орайда Jusan-мен бірге бұл қалай тойланатынын тарқатамыз.
Этнограф Ғалия Қайдауылқызы қазақ табиғат - жаратушының үлкен сыйы деген ұғымды түсіне білгенін тілге тиек етті. Айтуынша, дана халқымыз кез келген атаулы күнді, мерекені сол табиғатпен үйлестіріп, қоршаған орта ыңғайына қарай жасауға тырысқан.
“Жалпы адамның екі анасы бар деп айтсақ, оның бірі - туған анасы, екіншісі - табиғат. Көктемнің келуімен жер беті жаңа кейіпке боялады. Дүниенің жаны кіретін кез. Күннің шуағы, нұры көбейіп, көктің шығатын уағы. Адамзат содан да болар, табиғатты ерекше аялайды, баптайды, қадір тұтады. Әрі жас буынды осыған баулиды, тәрбиелейді. “Бұлақ ақса — көл тоқ. Еңбек етсе — ер тоқ”, “Бір тал кессең - он тал ек”, “Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді” дейтін даналы сөздер соның бір дәлелі”, - дейді Ғалия Қайдауылқызы.
Ежелгі түсінікте қоршаған ортаның бәрінің де жаны бар және жаратушысы бар, сондықтан олармен болатын қатынас жанды деңгейде болу керек деп есептелген. Қазақтың көне дәстүрі бойынша жер – адамзат, жалпы тіршілік иелері мен өсімдіктер, жан-жануарлар анасы, ал аспан – жарық, жылу беріп, жаңбыр жаудырып, бүкіл тіршілік атаулыға жақсылық жасап, қорған болатын атасы ретінде есептелінген. Одан бөлек төрт түлік малдың да өзіне тән иесі болды. Мұның бәрі халықтың табиғатпен үндесіп жатқанының басты көрінісі.
Қазақ халқының әр мейрамы табиғатпен астасып жатыр
Халық қоршаған ортамен тамырластығын дәріптейтін, дүние-түлеп, жаңғыратын маусымдарға арналған жылдың 4 мезгілін 4 ірі мерекемен ұштастырған. Соның бірі Наурыз мерекесі – жер ананың қайта түлеп, жаңаратын уақыты. Қазақ халқы бұл мейрамның өзін үш негізгі жікке бөліп, тойлай білді. Яғни:
Тепе-теңдік. Ұлыс тойы Күн мен Түн, Қыс пен Жаз тепе-теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Осыған сәйкес Наурыз тойы жаратылысты қоршаушы күштердің, алдымен табиғат пен қоғамның, екіншіден, ел мен елдің, үшіншіден, қоғамдағы әлеуметтік топтардың тепе-теңдігінің сақталуын талап етеді.
Игілік. Наурыз тойы қарсаңында: "Бұлақ көрсең көзін аш", - деп қаумаласқан жігіттер бастаулардың көзін ашып, қариялар: "Атаңнан мал қалғанша тал қалсын", - деп бұлақ басына тал егіп, аналар жаңа атқан күнге: "Армысың, қайырымды Күн-Ана, құт дарыт, жарылқа!" - деп бұлаққа май құйып, өсімдіктерге ақ бүркеді. Сөйтіп табиғитатың өсіп-өнуіне жағдай жасалады.
Жаңару. Ұлыс күні аспан денелері бастапқы нүктесіне келеді. Мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңарады. Осыған сәйкес адамдар да шашын алып, сақал-мұртын күзеп, жуынып-шайынып, ақ көйлек пен су жаңа киінеді.
Сонымен, Жайлау күні табиғат аясына шығып, уақытыңызды барынша таза ауада өткізуге тырысыңыз. Бұл күні табиғат анаға алғыс ретінде тал егіп, қоршаған ортаны тазартып, экологиялық белсенділікті артырыңыз. Бұл өскелең ұрпақтың экологиялық жауапкершілігінің дамуына, денсаулығының жақсаруына ықпал ететіні сөзсіз.
Бүгінгі қоршаған ортаның байлығы сол құндылықтың жалғасы. Содан да болар, елімізде жас ұрпақты тәрбиелеуде қоршаған ортамен байланыстырылған түрлі шаралар, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын игі бастамалар жүйелі жүргізіліп келеді. Мәселен, Jusan қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған бірқатар шараларды белсенді түрде қолдауда. Атап айтсақ, банк – "Жасыл кеңсе" қозғалысының белді мүшесі.
Аталмыш жоба аясында банк бөлімшелері мен кеңселерден шығатын макулатура, пластик, шыны және алюминий қалдықтары өңдеуші зауыттарға жіберіледі. Осылайша Jusan қызметкерлер арасында экоәдеттерді қалыптастыруды қолға алып отыр.
Ал жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын ояту мақсатында Jusan және ECO Nework компаниясымен бірге "Жасыл мектеп" фестивалін өткізді. Шарада еліміздің әр аймағынан алғыр оқушылар мен студенттер Қазақстан қалаларындағы экология мәселелерін шешуге мұрындық болатын өнертабыстарын ұсынды. Ең үздік қатысушылар әрі қарай жобаларын жалғастыру үшін қаржылай сыйлыққа ие болды.
Сонымен қатар Алматыда банк қолдауымен "Жасыл аула" жобасы қолға алынды. Жобаның мақсаты – тұрғындар арасында қоқысты сұрыптап тастау мен саналы тұтыну дағдысын дәріптеу. Қазірде бұл жобаға алматылық үш тұрғын үй кешенінің тұрғындары қосылған.
Ал былтыр Банк алғаш рет көміртегі ізі бойынша есебі мен 2021 жылғы деректерге негізделген әрі халықаралық GRI стандартына сәйкес құрастырылған қаржылық емес тұрақтылық есебін жариялады. Бұл қаржы институтының этикалық түрде бизнес жүргізуге, бастысы қоршаған ортаға қамқорлық бойынша талаптарға сәйкес келуге деген ұмтылысын көрсетеді.
16 наурыз – Шежіре күнінің ерекшелігі жайлы келесі материалымыздан оқи аласыздар.
15 наурыз 2023 ж. 594 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930