Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өмірі еңбекпен өрілген

Өмірі еңбекпен өрілген

Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты.
1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауылшаруашылық техникасын жіберіп отырды. Ересектермен қатар, балалар да ерте еңбекке араласты. Солардың қатарында Кәти Өтепбергенов те бар. Ол 1929 жылы дүниеге келіп, балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген. Бұғанасы бекімей, қабырғасы қатаймай ауыр жұмысқа білек сыбана кірісті. Ел басына түскен ауыртпалық оны ерте есейтті. 12-13-тегі ойын баласы отанын қорғауға аттанған әкелері мен ағаларының орнын басты. Қиындықтардан қашпай, уақытпен санаспай Отан үшін тылда нағыз ерлерше тер төкті. Бүкіл адамзат баласының асыға күткен жеңіс күні де келіп жетті.
Жас өскін Кәти қолына қару ұстамаса да, Отан қорғау жорығына қатысқандай іштей мақтаныш тұтып жүрді. Ауыл азаматтарымен бірге мамыражай күнді кешіп, бейбіт уақытта да еңбекке араласты. Бертін келе ел жағдайын көтеру мақсатында ауыл шаруашылығына техникалар келе бастады.
Трактор руліне отыруды мақсат тұтқан Кәти Өтепбергенов 1953 жылы Қазалы қаласындағы механизаторлар даярлайтын арнаулы курсты бітіріп, мамандық алды. Содан бері механизаторлық оның сүйікті мамандығына, темір тұлпар сенімді серігіне айналды. Шаруашылықтың сан салалы жұмыстарының қай-қайсысына араласса да, Кәти тындырымды ісімен көзге түсті. Әрдайым еңбек сапының алдынан көрініп жүрген механизатордың адал еңбегі жайлы ауылдастары сүйсіне айта жүретін. Ол жыл сайын еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетіп, қабылдаған социалистік міндеттемелерін асыра орындады.
1978 жылы «ДТ-75» маркалы тракторымен міндеттемедегі 800 эталон гектар орнына 1400 эталон гектар жер жұмыстарын жасады. Күздегі егін жинау науқанына белсене араласты. «СКД-5Р» маркалы комбайынмен 4500 центнер астық бастыруды қамтамасыз етті. Екінші, үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің кавалері, 1962 жылдан бастап КПСС мүшесі. КСРО Халық шаруашылығын дамытуда қол жеткізген табыстары үшін «Алтын медальмен» марапатталды. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінен «Москвич-412» маркалы автокөлігін сыйға алды. Жан-жақты, еңбекқор азамат бұдан бөлек қаншама жетістіктерге қол жеткізіп, ел алдында түрлі марапаттарға ие болды. Еңбек жолында алған Құрмет қағаздары да жетерлік.
1949 жылы Қазалының солжақ магистральдың каналы құрылысы жөніндегі Үкімет тапсырмасын орындау жолында тынымсыз тер төгіп, табысқа жеткені үшін Грамота алды. Мал азығын дайындауда үздік еңбек етіп, жоғарғы көрсеткішерге жеткені үшін Мақтау қағазын иеленді. Қазақ ССР Халықтық бақылау комитетінің қаулысы бойынша халықтық бақылау органдарының жұмысына белсене қатысқанына Алғыс хат берілді. «Социалистік жарыста үздік көрсеткіштерге жеткені» және күріш жинау кезінде бескүндік тапсырманы артығымен орындағаны үшін Құттықтау қағазы табыс етілді. Осындай ғұмыры еңбекке толы жанның өмір жолы көпке үлгі.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
28 ақпан 2023 ж. 285 0

Жедел көмек жан сақтайды

06 желтоқсан 2024 ж. 174

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031