Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронадағдарыстан әйелдер көбірек зардап шекті

Коронадағдарыстан әйелдер көбірек зардап шекті

2020 жылы Қазақстанда гендерлік теңсіздік индексінің көрсеткіші нашарлады. Индексте репродуктив денсаулық, құқықтың қорғалуы мен мүмкіндіктің кеңеюі және еңбек нарығы есепке алынған. Ranking.kz сарапшыларының мәліметінше, Қазақстанда гендерлік теңсіздік индексі 2019 жылғы 0,351-ден 2020 жылы 0,426-ға дейін өсті. Яғни, индекс неғұрлым жоғары болса, теңсіздік соғұрлым жоғары деген сөз.Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда 2019 жылы ерлердің орташа айлық жалақысы 222,5 мың теңге болса, әйелдердікі — 150,8 мың теңге болған, 32,2%-ға аз.

Дүниежүзілік банктің зерттеуінше 2019 жылы Қазақстандағы әйелдердің қатысы бар фирмалардың үлесі – 30,5%, ал Еуропа мен Орталық Азияда 32,4%, ал зерттеуге қатысқан 128 елдегі орташа көрсеткіш – 35,7% болған.
Биыл Қазақстанда әйел басқаратын кәсіпорындардың үлесі 29,8% болған. Бұл көрсеткіш үшінші жыл қатарынан төмендеп келеді. Соған қарап сарапшылар елдегі гендерлік теңсіздіктің ұлғайғанын айтады.
Халықаралық сауда орталығының 2020 жылғы есебіне сәйкес, пандемия салдарынан ер адамдарға қарағанда әйелдер басқаратын кәсіпорындар көп зардап шеккен.
Сонымен бірге пандемияға дейін әйелдер ерлерге қарағанда қаржылай шектеулі болды. Мұндай жағдай бүкіл әлемде де байқалады.
29 шілде 2021 ж. 621 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 160

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031