Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған өңір – тұнған өнер

Туған өңір – тұнған өнер

Талай бозқдақ, ақын-жырау, батыр-баһаддүр мен көмейіне күміс дауысты сыйға алған өнерпаздардың кіндік қаны Қазалы топырағына тамғаны ақиқат. Атағы жер жарып, ел аралаған талант иелері бір төбе, Құдай берген қасиетіне тілсіз дала куә болған әнші-жыршылардың есімі кітап бетінен көріне бермесе де, елдің жадынан өшпейтіні анық. Кеше ғана аудандық мәдениет дәне спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Жанкент ауылында бастау алған аймақтық «Туған өңір – тұнған өнер» фестивалі, сонда паш етілген ескінің өнері осы сөзімізге дәлел.
Баршаға мәлім, таланттың көбі ауылдан шығады. Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойы аясында жарияланған фестивальге ауданға қарасты ауылдардағы өнерпаз ағайындар қамтылған. Олар шайырлардан қалған рухани байлықтың көптің алдында паш етіп, есімі өлмес тұлғалардың өмір дерегінен хабар берді. Мәдени шараның ашылуына қатысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев өнерді насихаттаушыларға сәттілік тілеп, мұның өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталды.

– Ел іші – өнер кеніші. Қасиет тұнған Қазалы жерінде даңқы жер дірілдеткен батыр да, дауысы даланы тербеген әнші де туған. Олардың көзсіз ерлігін, қайталанбас туындыларын насихаттау, сол арқылы өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, әділдік, қайсарлық қасиеттерді біздің бұлжытпай орындауға тиіс борышымыз. Бүгін осындай өнегелі шара, аймақтық фестиваль ашық деп жарияланды. Қазалылық барлық өнерпаздарға сәттілік тілей отырып, ата дәстүрді жаңғыртып, көненің жақұтын жария етіп жатқандарына алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі.
Мәдени шарада әр өңірдің концерттік бағдарламасы көрермен назарына ұсынылды. Оған Өркендеу, Бірлік, Бозкөл, Лақалы, Тасарық, Кәукей ауылдарының шығармашылық адамдары қатысып, өзара бақ сынасты.
Айта кетейік, аймақтық фестивальдің жалғасы 11 ақпан күні Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйінде болады. Ауқымды жиынға Бекарыстан би, Ү.Түктібаев, Майдакөл, Қожабақы, Аранды, Жанқожа батыр ауылдарынан құралған өнерпаздар концерттік бағдарламаларын ұсынады.
Ринат ҚАЙРАТҰЛЫ
07 ақпан 2023 ж. 439 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031