Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әсем әні әуеледі

Әсем әні әуеледі

Апта басында Қазалыда болмысы бөлек талант иесі, ардагер ұстаз, мәдениет майталманы, әнші әрі сазгер Нұрмаш Алғашбайдың 75 жылдық мерейтойына арналған «Ән – ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті.
Қасиетті Қазалы топырағы талант дарыған тұлғаларға бай. Туған жерден тұрақ тауып, елін, жан сырын әнге арқау еткен әнші Нұрмаш Алғашбайды аудан жұртшылығы жақсы біледі. Көпшілік Нұрмаш Қабылбайұлын күміскөмей әнші деп қана емес, талай өлеңге ән жазған композитор ретінде де жақсы таниды.
Мерейтой иесін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтап, игі тілегін білдірді.
– Сіз – өнегелі өміріңізбен баршаға үлгі бола білген, ел үшін дара туған тұлғасыз. Қасиетті Қазалы өңірі қашанда қаймағы бұзылмаған, ұлттық салт-дәстүрді берік ұстанған киелі мекен. Талай дүлдүлдер дүниеге келіп, әдебиет пен өнер майталмандарының кіндік қаны тамған жер. Біз Сізді осындай дүлдүлдердің асыл қазыналарынан сусындап өскен, өнерін заманның талабына сай түрлендіріп, рухани әлемді байыта білген, өнердегі өресі биік тұлға деп бағалаймыз.
Қазақ жұрты өзіңізді әнші, күйші-композитор, бар ғұмырын ел болашағына арнаған зиялы азамат ретінде таниды. Өмір жолында өнеріңізбен ерекшеленіп, қоғамда білсенділік іспетті қасиеттеріңізбен нағыз ірі тұлға ретінде халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп келесіз.
Сіздің Арал тағдырына арналған «Аралым – аяулым», күміскөмей әнші, халық қаһарманы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, жерлесіміз Роза Бағланова арнаған «Айналайын халқымнан еркелеткен» және «Егеменді Қазақстан», «Қазағымның даласы», «Қазақ елі», «Наурыз той» атты әндеріңіз азаматтарды, әсіресе жастарды елін, жерін, Отанын сүюге, халқын құрметтеуге тәрбиелеуімен құнды да қымбат, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Мұнан соң аудан басшысы Нұрмаш Қабылбайұлының иығына қазақы дәстүрге сай шапан жауып, арнайы «Құттықтау» табыс етті.
Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен шарада мерейтой иесінің шығармаларын «Атамұра» ардагерлер ансамблі, мәдениет саласының майталмандары Кенже-Әлі Асқар, Галя Оспанова және тағы басқа әншілер орындап, көрерменнің қошеметіне ие болды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

19 қараша 2022 ж. 393 0

ҰБТ 11 шілдеде аяқталады

25 маусым 2024 ж. 38

Тәтті балмұздақ шебері

25 маусым 2024 ж. 33

Оңай олжа оңдырмайды

25 маусым 2024 ж. 33

Түрлі тағдыр, бір өмір...

25 маусым 2024 ж. 37

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930