Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық рухты ұлықтаушы

Ұлттық рухты ұлықтаушы

Бұрынғы ата-бабалар мәрттікті айрықша қасиет тұтқан. Бойларынан өрлік пен ерлік, ақылдылық пен зеректік, мұсылмандық пен имандылық белгісі табылып, қандай жағдайда да ұлттық ұстынды берік сақтауға тырысқан. «Ұят деген де бір тайпа ел» дей жүріп, қазақылықтың қайнарын лайламауды мансұқ тұтқан. Осындайда ескі жолдан айнымай, халықтың сүйікті перзентіне айналған қас батыр Бауыржан Момышұлы жайлы есті әңгімелер ойға оралады.
Жазушы Александр Бек Ұлы Отан соғысы күндерінде Мәскеуді қорғаған Кеңес жауынгерлерінің қайтпас қайсар ерлігі туралы баяндаған «Волоколам тас жолы» кітабында: «Ол аты-жөнін айтты. Жөнді есте алмай қайта сұрадым.
– Бауыржан Момышұлы, – деді. Тілшінің әдеті бойынша дәптерді қолыма алып:
– Ғафу етіңіз, фамилияңыз қалай жазылады? – деп сұрадым.
– Менің фамилиям жоқ, – деді ол. Мен бетіне таңдана қарап едім, ол:
– Атым Бауыржан, әкем Момыш, мен соның ұлымын, баласымын, түсіндің бе? – дейді.
Оның үнінде астарлы бір зіл бардай сезілді. Кейін әбден танысып, сыр алысқан кезде ғана оның не себепті өзін фамилиясыз адам деп есептейтінін ұқтым» дейді. Осылайша қаламгер өр тұлғаның сол шақтағы тоталитарлық тәртіпке бас игісі келмеген өжет мінезін байыппен аңғарып, оқырманға айшықтай жеткізеді.
Бейбіт заманға жетіп, қызықшылығын көзбен көрген Баукең, бірде Алматының орталық саябағына сейілдей шығады. Күтпеген тұстан белгілі сатирик ақын Шона Смаханұлы қарама-қарсы жолыға қалады. Сыйлас ағасымен кездескеніне қуанған Шона: «Ассалаумағалейкум, Бауке!» деп қос қолдай амандасады.
Баукең болса: «Уағалейкумассалам. Хош келдің, қазақтың ұлы адамы!» – дейді күлімсіреген жүзін оған қарай бұрып.
Інісінің ешнәрсені түсінбей, қипақтағанын аңғарған Баукең: «Шындығында, бүгіндері Қазақстанда екеуміз ғана ұлы адамдар қатарына жатамыз. Мәселен, мен – Момышұлы, сен – Смаханұлы. Қалғандарының барлығы да «ов-тар» мен «ев-терден» шыға алатын емес» депті аяқ асты тұнжырай қалып.
Жауырды жаба тоқып қайтеміз, қазір өз алдына енші алған тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатсақ та кейбір түсінік-пайымы жеңіл желөкпе жастардың жүріс-тұрысы жүрекке аяздай батады. Солар қанымызға сіңісті болған әдет-ғұрпымыз бен туған тіліміздің орны мен қадірін жете ұғына бермейтін сияқты. Қайта өзгенің қаңсығын таңсық көріп, жарық дүниеге келген нәрестелеріне шетелдік есімдерді қойып, ата-тегін орыс тілінде жаздырып, «жанындағыларға ұқсамағанды» дұрыс санайды.
Өткенсіз бүгін жоқ. Кейде сондайлар Баукеңдей аяулы аталардың Кеңестік дәуірдің қылышынан қан тамған кезеңінде де ұлттық рухты ұлықтаудағы көрсеткен қаһармандық ісінен, ұлтжандылығынан неге тағылым алмайды екен деп қапаланамыз.
Сахи ҚАПАР,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі



15 қаңтар 2023 ж. 347 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031