Қорғаныс бөгеттері бақылауда

ХХ ғасырдағы адамның ақылсыз әрекеті, аймақтың экологиялық жүйесіне жағымсыз салдар әкелді. Шаруашылық қажеттіліктер үшін кеңінен қолданылуына байланысты, судың көлемі 1960 жылмен салыстырғанда, 10 есе азайды. Кеңес үкіметі кезінде, бұл өзеннен жылына 300 тонна балық ауланатын.
Қазіргі уақытта, балықтың түрі де, саны да күрт азайған. Сырдария бойында, өткен ғасырдың ортасында Шардара су қоймасы құрылды. Ол егістіктерді суару мақсатында пайдаланылады.
2011 жылы көктемгі су тасқынын тоқтату мақсатында, Көксарай су қоймасы салынды. Оның ұзындығы 45 км, жалпы көлемі 3 миллиард текше метрді құрайды.
Бүгінде Сырдария өзенінің жоғары ағысынан Ә.Тыныбаев атындағы су торабына 235 текше метр су жіберілуде. Дариядағы мұздың қалыңдығы 45 сантиметр болып тұр. Мамандар алдағы күндері су көлемі көбейетіндігін хабарлауда. Осыған байланысты сала басшылары Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерін қарап, бақылау жұмыстарын жүргізді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА