Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде IT-мамандарын дайындау қалай жүргізілуде?

Елімізде IT-мамандарын дайындау қалай жүргізілуде?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде 100 мыңдай IT-мамандарын дайындау тапсырылған болатын. Елімізде бұл мәселе қалай шешілуде, бұл туралы орталық коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Баспасөз мәлихатында сөз алған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки мәлімдеді.«Елімізде дайындалып жатқан мамандарын дайындайтын университеттер саны жетерлік. Қазіргі таңда олар оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңартып, IT-компаниялармен бірлесіп, кәсіби тұрғыда мамандар дайындауда жұмыс атқаруда. Нәтижесінде студенттеріміз тек теориялық білім ғана емес, индустриалды білім де алып шығады»,-дейді ол.Маманның сөзінше шетелдегі алпауыт компанияларда қызмет етіп жатқан қазақ балалары студенттерге лекция оқып, өз білімдерімен бөлісуде. «Мектеп, университет білім алушыларының жақсы алгоритм құруда білімі жоғары. Тек ол салада ғана емес, барлық салада да жетістіктерге жетуде. Қазақстанда нарық қалыптасқан. Мұның барлығы осы саланың индустрия ретінде қалыптасуына кәсіби көмегін тигізеді»,-деп атап өтті ол.Сондай-ақ, соңғы өзгерістерге сәйкес егер IT-компаниялардан тәжірибеден өтіп, емтихан тапсырып, сертификат алса, жұмысқа тұруына жеңілірек болады деп атап өтті.
14 желтоқсан 2022 ж. 147 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 45

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 33

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 58

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 70

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031