Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде рейтингісі төмен үш университет жабылды

Елде рейтингісі төмен үш университет жабылды

Жабылған университеттер сапаны көтеру үшін жұмыс істемеді, деп хабарлайды sn.kz
Бұл университеттердің білім беру бағдарламаларының көпшілігі жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмейді және студенттер арасында сұраныс жоқ.
Сот шешімімен Орталық Азия, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті мен Астана университеті жабылды, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Соңғы жылдары бұл оқу орындары «Атамекен» ҰКП жүргізетін ЖОО рейтингінде төмен орындарға ие болды. Сонымен қатар, аталған университеттердің білім беру бағдарламаларының көпшілігі талаптарға сай емес, әрі  студенттер арасында сұранысқа ие болмаған.
— Жабылған университеттер сапаны көтеру үшін жұмыс істемеді, білім беру бағдарламаларына дерлік қаражат салмады, тәжірибелі мамандар тартпады. Талдау көрсеткендей, білім беру бағдарламалары рейтингі төмен университеттер тәуекел аймағына жататын университеттермен бәсекеде. Соның салдарынан кейбір  университеттер лицензиясынан айрылып, білім беру қызметін тоқтатты, – дейді БҒМ Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.
Сондай-ақ ол жоғары оқу орындары талапқа сай болмаса, министрлік қатаң шаралар қолданатынын еске салды.
Бұрын үш университеттің беделі нашар болған. 2019 жылы Астана университетін жоспардан тыс тексеру барысында заң бұзушылықтарды анықтап, әкімшілік іс қозғады.
Аталған  университеттер білім беру қызметіне лицензиясынан айрылды.
20 ақпан 2022 ж. 381 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930