Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БҒМ: ЖОО-да білім алу үшін гранттар саны 5 мыңға артады

БҒМ: ЖОО-да білім алу үшін гранттар саны 5 мыңға артады

Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орнындағы грант сандарын арттырып, «Болашақ» бағдарламасын қайта қарастыратын болады. Бұл жөнінде Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты.
– БҒМ жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. «Онлайн-оқу» білім алудың жаңа форматына айналады. Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады. Жалпы, жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар саны 5 мыңға артады, олардың 60%-ы техникалық мамандықтар бойынша бөлінеді. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасын қайта қарастыру бойынша жұмысты бастадық, – деді Ерғалиев.
Сонымен қатар, Ерғалиев 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап мемлекеттік шәкіртақының 20 пайызға артанын атап өтті.
– 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ға өседі. Педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін өседі, – деді ол.
27 қаңтар 2022 ж. 721 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930