Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айыппұл өсті, абай бол...

Айыппұл өсті, абай бол...

Жаңа жыл бастала салысымен елімізде бірқатар өзгерістер орын алғалы тұр. Айлық жалақылары төмен азаматтардың жалақысы өседі. Президент 1 қаңтардан бастап ең төменгі шекті 70 мың теңгеге көтеруді тапсырды. Бұдан бөлек, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы өсім алады. Мұндайда азық-түлік пен бірқатар қызмет түрлері болмашы өсімнің алдын орай қымбаттайтыны белгілі. Сол сияқты енді жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппүл мөлшері артады.
Енді ең қарапайым, арзан айыппұлдың бағасы 10 мың теңгеден асып түседі. Себебі айға жетпейтін уақыт ішінде бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне 387 теңге қосылып, 3450 теңгеге бір-ақ жетеді. «400 теңгеге жетер-жетпес ақша ма» деп ойлауыңыз мүмкін. Қазіргі таңда елімізде ең төменгі айыппұл жүргізуші тұраққа ақы төлемегені үшін салынады. Мұның 3 АЕК екенін ескерсек, қалтаға түсер шығын 10350 теңгені құрайды. Осылайша әкімшілік жауапкершіліктің ауырлығына қарай айыппұл деңгейі аспандайдай береді. Қаржы министрлігі белгілеп берген құжат «Ашық НҚА» ресми порталында жарияланды. Мұндайда салмақтың басым бөлігі көлік жүргізушілеріне түсетіні белгілі.
– Қазалы ауданында жол белгілері, асфальттағы сызықтар көп емес. Сол мезетте айыппұл салатын бейнекамералар да жоқ. Осының салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда кінәлі жақты анықтау үлкен мәселе шешкенмен тең. Бір жағы үзіксіз сызықты басып немесе басқа да көзге көріне бермейтін дүниелер үшін айыппұл ала бермейтінімізге қуанамыз. Ал облыс орталығына немесе басқа қалаларға шыға қалсақ, көшедегі шұңқырдан қашып, тыйым салынған орындарға тоқтап, жаза басатынымызды жасырмаймын. Дегенмен айппұл көлемін белгілегенде жұрттың айлық табысы, такси жүргізушілерінің мардымсыз нәапақасы неге есепке алынбайтынына таңым бар. Көлік тасымалымен айналысатын жолдастармен жолыға қалсақ, осы мәселені айтып шағымданады. Шын мәнінде үкімет жариялаған қазақстандықтардың орташа табысы мен шынайы өмірде біраз алшақтық бары көзге ұрып тұр емес пе?! Айыппұл адамның қауіпсіздігіне кепіл бола алса, жарайды. Жыл сайынғы өсіммен апат санын азайтуға болады дегенге сену қиын, – дейді Толысбек есімді кент тұрғыны.
Қалай десек те, инфляция бағаны өз икеміне келтіретіні даусыз. Әзірге мемлекет қамтамасыз ететін әлеуметтік төлемдердің көлемі барынша ұлғайғанын тілеуден басқа шара жоқ. Айтқандай, келер жылы мемлекеттік базалық зейнетақы көлемінің ең төменгі мөлшері 22 мың теңгеге жуықтайды. Ал ең аз зейнетақы алатын қарттарымыз банкоматтан 53 мың теңге шеше алады.
Айыппұл мәселесін толықтыра кетейік, жылдамдықты 10-20 км/сағ асыру – 15 315 теңгеден 17 250 теңгеге, бағдаршамның қызыл түсіне өту – 10 АЕК, яғни 30 630 теңгеден 34 500 теңгеге көтеріледі. Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап сақтандыру полисінің құны артып, базалық сақтандыру сыйақысы 2 АЕК-ке жуық өсім алады.
Көлікке байланысты салық басқармасына түсетін қаржы да шарықтады. Қозғалтқыш көлемі 1100 текше сантиметрге дейінгі көліктер үшін 3 450 теңге, көлемі бес литрден асатын машиналар үшін 690 мың теңге салық салынады.

Ринат ҚАЙРАТҰЛЫ
10 желтоқсан 2022 ж. 456 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031