Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы өсті

Атап айтқанда, 2021 жылдың 1 қаңтарынан:
- жалақының ең төменгі мөлшері 42 500 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 18 524 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері - 43 272 теңге болады.
Ал жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2917 теңге мөлшерінде белгіленеді.
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 34 302 теңге болып бекітіледі. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 1 қаңтардан бастап 7 пайызға көтеріледі.