Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 3782 тұрғынға жер учаскесі беріледі

Қызылордада 3782 тұрғынға жер учаскесі беріледі

Ауыл шаруашылығына тиесілі 69,8 мың га жер учаскесін айналымға тарту мақсатында былтыр жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Тиісінше, 77,4 мың га болатын 226 жер учаскесі айналымға берілді. Сондай-ақ, облыста 103 мыңнан аса азамат жеке тұрғын үй кезегінде тұр. Биыл 3782 жер учаскесі кезегі келген тұрғындарға табысталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Медет Усаин мәлімдеді.

«Облыс көлемінде қала және аудандар бойынша «Жайылымдарды басқару оларды пайдалану туралы жоспарлар» барлық ауылдық округтер бойынша бекітілді. Бүгінде аймақ бойынша 349,8 мың шартты мал басына қажетті жайылымдық жер көлемі – 3,7 млн.гектарды құрады. Өңіріміздегі жер қойнауын пайдаланушыларға инвестициялық жобалар үшін жалпы көлемі -30387,1 гектар жер учаскесін табыстауға шешім қабылданды. Ал өңіріміздің кәсіпкерлеріне түрлі мақсатпен 8374,7 гектар жер учаскесі табысталды. Сонымен қатар, өңірлік геоақпараттық жүйесін құру бағытында қалаға қарасты кент, ауылдық округтеріндегі жер учаскелерінің нақты жағдайына түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін бұл жұмыстар толығымен аяқталады», – деді басқарма басшысы Медет Усаин.
11 наурыз 2022 ж. 444 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031