Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Галяның әні – сахнаның сәні

Галяның әні – сахнаның сәні

Сыр өңірін жыр өңірі деп бекер айтпаса керек. Себебі сырдың киелі топырағынан азулы, нағыз сөз шеберіне айналған ақын да, күміс көмей әнші де, жыршы менен термеші де шыққан. Сондай жандардың бірі – Қазалының қоңыр дауысты әншісі, ҚР Мәдениет саласының лайықты Үздігі Галя Оспанова.
Жуырда Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі, күміс көмей әнші Галя Оспанова Басықара ауылы халқының тұрғындарына әдемі әндерін орындап халыққа қуаныш сыйлады.
Сондай-ақ әуезді шарада аудандық Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығындағы кәсіпорын әншілері Балқыз Өмірзақ, Айнұр Қарлыбай мен жүргізуші Әмір Сариев және дыбыстық аппаратурада Өмір Әлиев сынды азамат-азаматшалар кештің жоғары дәрежеде өтуіне өз үлестерін қосты.
«Жылы сөз жан тебірентер» демекші Басықара ауылының әйелдер кеңесінің төрайымы Ибагүл Нұрасылова мәдениет майталманына шапан кигізіп, ақ жаулығын жапса, ақын Қайрат Ерназаров Галя Оспановаға арнап шығарған өрнекті өлеңін оқып берді. Керемет кеште әншінің замандасы Қоңырбек Әжімбетов те кеш соңында жүрекжарды лебізін білдірді.
Басықара ауылының халқы Галия Оспанованың әндеріне құлақ құрышын қандырып, көңілді би биледі.
– Галия Оспанова апайымызды бұрыннан білеміз. Алтын дауысты әншінің әрбір салған әнін сүйсіне тыңдайтынбыз. Бүгін міне Басықара ауылына келіп, тағы бір жарқырап кетті. Айтар алғысымыз шексіз. Галия апайдың жүзіне нұр, қиялына қанат біте берсін дейміз. Көп рахмет, – дейді ауыл тұрғыны.
Шара соңында Басықара ауылдық клубының меңгерушісі Лаура Шайхиева сахна төрінен орын алып, өмірі өнермен өрілген әнші мен өнерпаздарға алғысын айтты.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
27 қараша 2022 ж. 526 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930