Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келешекті бағамдайтын науқан

Келешекті бағамдайтын науқан

20 қарашада елімізде мерзімінен бұрын Президент сайлауы өтетіні бәрімізге мәлім. Сайлауға бару – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Себебі бүгініміз бен болашағымызды, елдің даму бағытын өзіміз таңдаймыз. Кейінгі ұрпақтың ертеңі мен бүгіні айқындалады. Келешекті бағамдайтын сайлау арқылы өзгеріс жасауға және еліміздің ертеңін жарқын қылуға мүмкіндік бар. Сол үшін шешім қабылдаймыз және ол үшін жауап береміз. Сайлауға қатысу үшін барлық жағдай жасалған.
Қазір Қазақстанда президент 7 жылда бір рет қана сайланады әрі қайта сайлауға тыйым салынады. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Реформалар не үшін жүзеге асырылып жатыр деген сұрақ туындауы мүмкін. Мәселе мынада, президент лауазымын ұзақ уақыт бойы бір адам атқармауы керек. Әлемде болсын, біздің елде болсын, егер ұзақ жылдар бойы бір адам ғана жоғары лауазымға ие болса, мұндай жағдай бұл елге де, оның басшысына да құрмет көрсетпейді» деп айтқан болатын.
Алдағы науқанда сайлау учаскесінде өзімнің белсенді азаматтық ұстанымымды көрсетемін. Бұл мемлекетті басқару процесіне қатысу, билікке және елдің болашағына ықпал ету құқығы.
Болашақ ең әуелі өзімізге, жақындарының, балалары мен немерелерінің, елдің тағдырына алаңдаушылық танытатын адамдарға байланысты. Әркімнің жауапкершілігі, міндеттері, жеке пікірі бар және оны айтуға құқылы. Сол себептен де сайлауға бару және дауыс беру – дұрыс шешім.
Бекқали БЕКБАУЫЛОВ,
«AMANAT» партиясы аудандық филиалының
сайлауалды штабының мүшесі
10 қараша 2022 ж. 403 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 200

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 135

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031