Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Менің дауысым маңызды

Менің дауысым маңызды


Сайлауға қатысу- ел реформасын жаңаша ілгерілетуге үлес қосу. Биылғы 20 қарашада өткізілетін кезектен тыс президент сайлауының ерекшелігі бөлек. Бұл сайлауды өткізудің ішкі және сыртқы себептері бар.

Ішкі реформалардың, ең алдымен, осы жылы саяси реформалардың ауқымды блогының аяқталуымен, ал президенттік биліктің параметрлерінің өзгеруінен байқауға болады.
Әр кезеңдерде жаңа реформа қалыптасып, өзгерістер орнығуы үшін бізге сайлау керек. Яғни, биылғы кезектен тыс президент сайлауының маңыздылығы ерекше.

Сайлаудың, елімізден тыс сыртқы саяси, орнықсыз ахуалдардың ушығып, соның әсерінен ел экономикасының индикаторы тұрақсызданып тұрған қиын кезеңде өткізілуіне бей-жай қарауға болмайды. 

Ел реформасына айрықша өзгерістермен жаңаша бағыттар әкелетін кезектен тыс өткізілетін сайлаудың маңыздылығын, ерекшелігін, қажеттілігін сезінетін әрбір Қазақстан азаматы дауыс беруі тиіс. 

Еліміздің іргелі елдер қатарында болуы, экономиканың өсуі, жаңаша дамуы, азаматтарына бақыт сыйлайтын мемелекет қалыптасуы үшін баршаңызды Президент сайлауына түгел қатысуға шақырамын!
Сәнімкүл КҮЛІКБАЕВА, 
"Қазалы ынтымағы" қоғамдық бірлестігінің басшысы Күлікбаева Сәнімкүл Қайберенқызы.

#Сайлау2022
#Қазалы
05 қараша 2022 ж. 1 186 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30