Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев Алматыда Жеңіс күніне арналған шараға қатысты

Назарбаев Алматыда Жеңіс күніне арналған шараға қатысты

Алматыдағы 28 панифловшы жауынгер атындағы саябақта екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу шарасы өтті. Саябақтағы мәңгілік алауға гүл қою рәсіміне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, соғысқа қатысушылар мен тылдағы еңбек ардагерлері және өзге көпшілік жұрт қатысты.
Саябақтағы шарада сөйлеген сөзінде Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс мерекесімен құттықтады. Ол соғысқа Қазақстаннан аттанған 1,8 миллион адамның жартысына жуығы оралмағанын, қазақстандықтардың майдандағы ерлігі дүйім жұртқа әйгілі екенін айтты. Президент қазіргі тәуелсіз елдің азаматтары ата-баба ерлігін қастерлеуі тиіс екенін еске салды.
"Біз тәуелсіз мемлекет құрып жатқан, төңірегімен достық қатынастағы, ішкі жағдайы тұрақты, тату бейбіт елміз. Бұл болашақтағы барлық жетістіктеріміздің де кепілі деп білемін. Біз бейбіт ел болсақ та, өткен соғысты ұмытқан жоқпыз, сондықтан қорғанысқа әзір болуға тырысамыз", - деп мәлімдеген ол.
Қазақстан президент соғыс ардагерлерін Жеңіс мейрамымен құттықтап, оларға мықты денсаулық тіледі.
Жеңіс мерекесіне байланысты еске алу шарасы бүгін Астана қаласында да өтті. "Отан қорғаушылар" монументіне гүл қою шарасына үкімет жетекшісі Бақытжан Сағынтаев, парламент Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрлан Нығматулин және өзге де билік өкілдері қатысты.
09 мамыр 2018 ж. 1 691 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930