ЕЛІМІЗДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛУЫ МҮМКІН
Әртүрлі деңгейдегі қоғамдық кеңестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылмақ, деп хабарлайды 24.kz.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қоғамдық кеңестердің ІІІ республикалық мәжілісінде осындай ұсыныс айтты. Жаңа алаң ішкі бәсекелестікті арттырып, кеңес мүшелері қызметінің міндетін дербес бағалауға мүмкіндік береді, дейді ведомство басшысы. Дархан Қыдырәлі, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі: – Осы орайда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс немесе гранттық қаржыландыру аясында қоғамдық кеңес мүшелерін кәсіби жөндеуге бағытталған әлеуметтік жобаларды әрбір өңірде іске асыру мүмкіндігі ұсынылады. Соңғысы өздеріңізге мәлім 2021 жылы қоғамдық кеңестер заңнамасы бірталай өзгерістулер енгізілді. Алайда кеңестер қызметін жандандыру заңнамаға өзгерістер енгізумен ғана шектелмейді. Кез келген заңнама нормалары қоғамдық кеңестердің күнделікті қызметінде қолданылған жағдайда ғана біз оның нақты пайдасын көре аламыз. Бүгінгі жиынға қоғамдық бақылау институтының 200-ден астам өкілі қатысты. Айта кеткен жөн, елдегі 500-ге жуық қоғамдық кеңеске шамамен 4 мың азамат мүше. Биыл қоғамдық бақылаудың 150 жобасы сәтті орындалды. «Жаңа Қазақстан» үлгісі осыған дәлел дейді ұйымдастырушылар.