Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 200-ден астам қоғамдық кеңестің құрамы жаңартылды

200-ден астам қоғамдық кеңестің құрамы жаңартылды

2021 жылы мемлекет әлеуметтік тапсырыстарға 14,5 млрд теңге бөлді. Бұл туралы ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар арқылы қаржылық қолдауға ие болуда. Мәселен, былтыр мемлекет тек қана әлеуметтік тапсырыстарға 14,5 млрд теңге бөлді. Еліміз бойынша қоғамның сан түрлі бағыты бойынша 2 мыңға жуық жоба іске асты. 500-ден астам ұйым қаржы алды. Сондай-ақ жалпы көлемі 1,5 млрд теңгені құрайтын 50-ден астам гранттық жоба іске асырылды», деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, қоғамдық кеңестердің қызметі жандандырылды. Қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға кеңестердің рөлін арттыру бөлігінде өзгерістер енгізілді. Осы өзгертулер квазимемлекеттік сектордың 13 субъектісінде қоғамдық кеңестер құруға мүмкіндік берді.
«Қазіргі таңда қоғамдық кеңестердің саны 253-ке жетті. Оларға 3 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, мемлекетті басқаруға өз үлестерін қосуда. 200-ден астам кеңес өз құрамын жаңартты», деді М. Қожахмет.





21 сәуір 2022 ж. 444 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 71

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 72

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 70

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 65

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930