Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр: «Масс-медиа туралы» заң журналист мәртебесін көтереді

Министр: «Масс-медиа туралы» заң журналист мәртебесін көтереді

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Qazaqstan ұлттық арнасының Apta бағдарламасына берген сұхбаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.
Айтуынша, ақпараттың қолжетімді болуы өте өзекті мәселе.
Бірінші кезекте, ақпарат анық, деректер тексерілген болуы керек. Министрлік ретінде кез келген тұтынушыға ақпаратты беруге немесе басқа ведомстволардан алып беруге дайынбыз. Қазіргі уақытта біздің министрлік жаңа заң жобасын талқылауға ұсынды. Бұл «Ақпараттық қолжетімділікті жеңілдету» деп аталады. Онда журналистердің жұмысын жеңілдететін көптеген мәселелер қозғалған. Біздегі жалпы ақпарат алу мәселесін көп жеңілдетеді, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар заң жобасы ТЖ кезінде журналистерге ақпараттың жылдам қолжетімді болуына да әсер етеді.
Кешегі өрт немесе миграция жағдайында біздің Үкімет мүшелері де арнайы брифингтер өткізді, әртүрлі арналарға шығып жауап берді. Сондықтан біздегі ақпарат алмасу едәуір жылдамдағанын байқауға болады. Бұл туралы біз «Масс-медиа туралы» заңда да қарастырамыз, - деді Дархан Қыдырәлі.
Сондай-ақ министр «Масс-медиа туралы» заңда журналистерге қатысты қандай жағымды жаңалық болатынына тоқталды.
«Масс-медиа туралы» заң біраздан бері талқыланып жатыр. Атауында да өзгеріс бар. Жалпы қоғам талқылануындағы негізгі ұсыныстардың барлығын біз қаперге алдық. Мұндағы бір-ақ мәселені айта алам: журналист мәртебесін көтеруді ойластырдық. Сонымен қатар ақпарат алу, онлайн-платформалар туралы да өзгерістер енгізіледі, - деп түсіндірді министр.

03 қазан 2022 ж. 478 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031