Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғи газ ел игілігіне

Табиғи газ ел игілігіне

Несін жасырайық, қазір ауданды толық көгілдір отынға қосу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Соған сәйкес жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Қазалы қаласындағы тұрғындарға жаңадан берілген 180 гектар аумаққа арнайы барып, бірқатар сала басшыларымен бірге тез арада халыққа көгілдір отын беру жағын талқылады.
Бүгінгі күні жаңа тұрғын кварталында орналасқан тұрғын үйлерге табиғи газға қосу үшін жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, мердігер мекеме орын алған ақаулықтары қайта қалпына келтіріп, жоғарғы ауа қысымымен тексеріп сынау, үрлеп-тазалау жұмыстарын пысықтауда. Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына пайдаланудағы газ желісіне қосу үшін ұсынылады.
Жаңа кварталда атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бұл аймақтағы үйлерді табиғи отынға тез арада қосуды тиісті сала басшыларына тапсырды.
Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы Әйтеке би кентінің 5 квартал аумағына барды.
Қазіргі таңда аудан орталығындағы бұрын инфрақұрылымы жүргізілген 210 гектар жер учаскесінен есепке алынбаған тұрғын үйлерді газбен және электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.
Мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС келісім-шартқа сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын бастап, белгіленген мер­зімде аяқтауды жоспарлап отыр.


Абзал БАҚЫТҰЛЫ

08 қазан 2022 ж. 440 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 22

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031