Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық талап-тілегі – басты назарда

Халық талап-тілегі – басты назарда

Дүйсенбіде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентіндегі тұрғындарға жаңадан берілген 210 гектар аумаққа арнайы барып, халықпен кездесті.
Кездесуде 5 квартал аймағындағы бұл аумақты табиғи отынмен қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.
Тұрғындар аудан басшысына көгілдір отынды беру неліктен кешігіп жатқанын сұрап, мән-жайды түсіндіруді талап етті.
Өз кезегінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қазіргі таңда мамандар жаңа тұрғын кварталында орналасқан үйлерді көгілдір отынға қосу үшін белсенді әрекет жасап жатқанын тілге тиек етті.
Жұмысты сапалы әрі тез жүруі үшін басында аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев және аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаев өзінің мамандарымен бірге күндіз-түні еңбек етуде. Атап айтар болсақ, олар мердігер мекеме қызметкерлерімен бірге орын алған ақаулықтары қайта қалпына келтіріп, жоғарғы ауа қысымымен тексеріп сынау, үрлеп-тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Мұнан соң, жаңа кварталда атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бұл аймақтағы үйлерді табиғи отынға тез арада қосуды сала басшыларына тапсырды.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
03 қараша 2021 ж. 517 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930