Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүйек жаңғырту деген не?

Сүйек жаңғырту деген не?

Халқымыздың алысты жақындатып, барды молайтатын дәстүрі көп. Соның бірі – бұрындары қыз алысып, мың жылдық уәдесін жұтқан құдалардың ара-жігін суыған уақытта жасалатын «Сүйек жаңғырту» салты.
Сүйек жаңғырту – қазақтың бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрінің бірі. Екі әулеттің барыс-келісі азайған қатынасын қайта жиілетудегі бұл дәстүрінің мән-мағынасы мол. Онда арасы суыған екі құда қайта қыз алысады. Яғни, құда бала мен құдашаның отау құруы. Сөйтіп, екі жақтың достығы мен туыстығы қайта жаңғырып отырған.
Бұл салт қыз бен жігіттің келісімімен қазір де жасалып жүр. Ұзақ уақыттан құдалығы жалғасқан немесе көне құдаларды «Сары сүйек құдалар» дейді. Сүйек жаңғырту дегеніміз ол қазақ халқының байырғы көне салты. Бұл салт дәстүр өте ескі болғанымен қолданысқа қолайлы әрі тиімді. Негізінен өте алыстап кеткен ағайын туысты анасы жағынан бауырларды қайта жақындату мен қосуға арналған салт.
Осы орайда, рулық ерекшеліктерді ескеру ең басты сипат. Оларды ескерудің маңызын атап өткеніміз жөн. Себебі ата-бабамыз жиендік не нағашылық қатысы жоқ туысқандарды ғана бір-біріне үйлендірген. Дәстүр әке жақтан алыстап кеткен ағайындарға қолданылмайды.
Бүгінгі таңда қазақ елінің осы дәстүрі бойынша отбасын құрғандар да жоқ емес. Қазір бұл дәстүр екі жастың келісімімен, отбасының берекесіне айналған көпті көрген ата-әжелер бар үйде жаңғырып жатыр.
– Алғашында бір-бірімізді ұнатып жүрдік. Алайда алыс болсақ та туыстығымыз болған соң, біздің отбасын құруымызға туысқандарымыз «рұқсат бермейді» деп ойладық. Бір күні жолдасым әжесінен: «Әсемге үйленсем бола ма?» деп сұрапты. Сол кезде әжеміз мұның ешқандай әбестігі жоғын айтып, «сүйек жаңғыртатын» деп қуанған екен. Жұбайыма сүйек жаңғырту дәстүрін түсіндіріп, жуырда құда түсіп баратынын айтқан. Осылайша әжеміз біздің үйге құда түсіп келді, – дейді «Сүйек жаңғырту» дәстүрі бойынша отбасын құрған Әсем Алтынбайқызы.
Екі әулеттің ортасын қайта жалғастырып, алысты жақындататын ерекше салт-дәстүріміздің бүгінде пайдаға асып, ұмытылмағаны қатты қуантады.
Себебі, жақсыны жатқа бермей, текті елден қыз алу арқылы ұрпақ болашағын ойлау үлкен маңызға ие. Болашақ ұрпақты береке-бірлікке, татулыққа шақыратын дәстүрдің бұл түрі қазақ елінің әрбір салт-дәстүрі зор мән-мағынаға толы екендігін бір дәлелі болып табылады.
Серік АҚМЫРЗА
20 қыркүйек 2022 ж. 5 437 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930