Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаш үшін шам жаққан

Алаш үшін шам жаққан

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында ақын, әдебиет зерттеуші-ғалым, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Алаш үшін шам жаққан — Ахмет» атты әдеби кеш өтті.
Әйтеке би кенттік клубы және аудандық орталықтандырылған кітапхананың бірлесе ұйымдас­тыруымен өткізілген шарада Ахмет бейнесін сомдау арқылы өмір жолынан көрініс қойылды. Ақын өлеңдері қойылым аясында орындалды. Сондай-ақ ақынның өмір жолын кітапханашы А. Орынбай баяндаса, Ж.Төлебайдың «Мен қазақпын» әнін Даниял Темірбай, Ә.Тыналиевтің «Анамның тілі» әнін Сымбат Жақсылық, Руслан Мамытовтың «Жаса, Қазағым» әнін Наурызбек Қазиев, Ерлан Төлеубайдың «Ауылға сағыныш» әнін Әлібек Айдар, Құрмаш Маханның «Қазақстаным» әнін Жастілек Санжар орындады.
Кітапхана қызметкерлері «Ұлт ұстазы – Ахмет» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Шара соңында кәсіпорын директоры Нұрлыбек Сүлейменов құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

Б.ІЗМАҒАНБЕТОВ
10 қыркүйек 2022 ж. 810 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930