Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоғары оқу орнына түсу үшін түлектер ҰБТ-дан қанша балл жинау қажет?

Жоғары оқу орнына түсу үшін түлектер ҰБТ-дан қанша балл жинау қажет?

"Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін емтиханнан қанша балл жинау керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
"Білім, ауыл шаруашылығы және ветеринария бағыты бойынша ең төменгі шекті балл – 60. Ұлттық университеттерге түсу үшін 65 балл жинау керек, медицина бойынша да 65 балл қалады", — деді Әлімқұлов.
Оның айтуынша, биыл тест сұрақтарының 50 пайызы жаңартылған. Сонымен қатар сұрақ қоры да көбейіпті.
"ҰБТ-ға дайындық қызу жүріп жатыр. Былтыр 40 мың сұрақ болса, биыл қорымызда 119 мың сұрақ бар. Оның 3 мыңдайы – ағылшын тілінде. 119 мың сұрақтың 11 пайызы функционалдық сауаттылыққа бағытталған, 37 пайызы бір немесе бірнеше дұрыс жауапқа арналған тест сұрақтары", — деді орталық директоры.
Айта кетсек, биыл ұлттық бірыңғай тестілеуді 167 пункте өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 48 пункті жоғары оқу орындарында, қалғаны орта мектептерде орналасқан.
NUR.KZ.
02 мамыр 2018 ж. 3 463 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 140

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 133

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 121

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 119

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031