Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тапшылығы басты назарда

Су тапшылығы басты назарда

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында халық көтеріп келген мәселелерге басымдық берілді. Оның ішінде ең маңыздысы – күн тәртібінен түспейтін су мәселесі. Себебі соңғы кездері қуаңшылықтың әсерінен ел экономикасына әжептәуір селкеу түсті.
Қазір су қорын үнемдеуге қатысты әлемде дабыл қағылып, оны шешу жолдары қарастырылуда. Өйткені адамдар ауызсуды есепсіз шамадан тыс пайдалануда. Байқасаңыз ішуге жарамды суды аяқсу ретінде бақша егу мен көгалдандыруға қолданып, кейбірі есік алдына шашып ысырап етуде. Ал біздегі Арал-Сарбұлақ жер асты суының қоры 50 жылға есептелген. Осылай ретсіз сыртқа жібере берсек келешек ұрпаққа не қалдырамыз? Жалпы біздің есеппен 1 адамға күніне 140, айына 4300 литр су кетуі тиіс. Одан жоғары қолданылса, тарифтің төлеу шегі көтеріледі. Сондықтан мемлекет басшысы ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр деуінде негіз бар.
Оның мәлімдеуінше, бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. Судың 40 проценті құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Бұған қатысты ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы. Күрмеулі түйткілді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандырып, білімді сарапшыларды тарту керек. Алда қажетті мамандарды даярлауға саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтау жоспары тұр. Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеген жөн деген ойын толықтай қолдаймын.
Әділхан АХМЕТ,
Арал-Сарбұлақ топтық су құбырын
пайдаланушы Қазалы өндірістік
бөлімшесінің басшысы
01 қыркүйек 2022 ж. 446 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031