Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тапшылықтан құтқарар тоғыз қойма

Тапшылықтан құтқарар тоғыз қойма

Биыл ауа райының құбылуына байланысты облыс судан біраз таршылық көрді. Ала жаздай жаңбыр жаумай, аймақта аптап ыстық болды. Бұл суармалы алқаптардың қуаңшылыққа ұшырауына алып келді. Сондай-ақ диқандардың да жұмысына кедергі келтірді. Көрші ағайындардан келеді деп күтіп жүрген судың биыл да қарқыны бәсең.
Жалпы Сыр өңірі ауыл шаруашылығына өте қолайлы екені белгілі. Ауданның өзінде шаруалар қара жердің мүмкіндігін мейлінше пайдаланып отыр. Егін салып, бау-бақша егетіндері де, түрлі өнім түрлерін өсірумен айналысатындары да бар. Бірақ шаруаңды шалқытып, тірлігіңді тіктеу үшін де су керек.
Жылдар бойы ел территориясында су мәселесі толық шешілмей келеді. Жуырда болған кезекті Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселеге айрықша басымдық беріп, бұл түйткілді алдағы 5 жылда шешу керек екендігін мәлімдеді.
– Бүгінде біздегі маңызды мәселе ол – су жайы. Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы он жылдың ішінде жаһандық деңгейде су ресурсының тапшылығы болады деп болжам жасап отыр. 2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40 процентке жетуі мүмкін. Сондықтан біз жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ. Бұл – аса маңызды міндет. Үкімет су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдер әзірлеуі тиіс. Су нысандарының экожүйесін сақтап, оны үнемді пайдалану үшін аса маңызды 120 каналды қайта жаңғыртуға кірісеміз, – деді ел Президенті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында жаңадан 9 су қоймасы салынатынын тілге тиек етті. Расында қолда бар қажетті ресурсты пайдалана отырып, су сақтайтын қоймалар тұрғызылатыны көңіл қуантарлық жаңалық. Облыстық мәслихат депутаты, «Сыр маржаны» ЖШС басшысы Мінәжадин Өтеевтің, қоймалардың салынуы қазіргі тығырықтан шығудың тиімді жолы екенін айтуда.
– Қазіргі су тапшылығы түйіні тарқатылмай тұрған түйткіл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда сөз еткендей, суды үндемдеуді күн тәртібіне қою қажет. Ал тоғыз жолдың торабына тоғыз қойма салу, орынды көтерілген мәселе. Анығында бұл – ауқымды жоба. Су қоймаларын салу су тасқыны құбылыстарының қаупін азайтуға, жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуге, ауыл шаруашылығында жұмыс орнын құруға, трансшекаралық өзендердің су көлеміне тәуелділіктен арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан алдағы 5 жылда бұл мәселе шешім тапса, жоғарыда айтылған жүйелер қалыпқа келеді, – деді Мінәжадин Сражадинұлы.

Абзал ЖОЛТЕРЕК
18 қыркүйек 2021 ж. 306 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031