Шлюзді ретсіз жапқандар жазаланады
Жаз мезгілі кезінде тұрғындар бау-бақша егіп, жеміс-жидек ағаштарын күтіп баптайтындығы баршамызға аян. Дегенмен халық ауласындағы шағын егіндігін жаппай суарғанда су тапшылығы орын алатыны шындық. Осы орайда ауданда біршама жобалар қолға алынып, аяқсу мәселесін шешу жолдары қарастырылған еді. Бұл ретте алғашқылардың бірі болып №5 ықшам ауданының 6 көшесіне аяқсу құбырлары жүргізілді. Қаражат мәселесіне сәйкес кейін кезең-кезеңімен аяқсу мәселесі алаңдатып отырған басқа да кент көшелеріне арнайы құбыр тарту жоспарда бар.
Бүгінде аяқсудың тұрғындар үшін қажеттілігін байқаған құзырлы орын қызметкерлері “Ақарық” және “Қараарық” арналарын қаулап кеткен шөп-шалаңдар мен қоқыстардан тазартып, жылға жолын аршыған болатын. Сонымен қатар ағынды судың тоқтаусыз ағуына кедергі болдырмау және көркейтіп, абаттандыру мақсатында “Ақарық” арнасының ішіне бетон құйылып, тегістелді.
Қазіргі уақытта кентке “Ақарық” жəне “Қараарық” каналдары арқылы аяқсу берілуде. Осы каналдарға қойылған шлюздер арқылы аяқсу насостарға жеткізіліп отыр. Дегенмен соңғы күндері аталған каналдардағы шлюздердің қақпағын əдейі жауып кету жағдайлары орын алуда. Әйтеке би кенті əкімдігі тарапынан мамандар барып шлюзді ашқанымен біршама уақыттан соң қайталана берді.
– Осыған орай тұрғындарға аяқсу каналындағы суды кезегімен пайдалану үшін шлюз қондырғысын қозғамауларын қатаң сұраймыз. Егерде заң бұзушылықтар анықталған жағдайда əкімшілік шара көрілетіндігін ескертеміз. Немесе көріп жатқан жағдайда 102 телефонына хабарласу қажеттігін ескертеміз, – дейді Әйтеке би кенті әкімдігінің жетекші маманы Дәуіржан Бақытжанов.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА