Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Конституция – қоғамның құнды анықтағышы

Конституция – қоғамның құнды анықтағышы

Конституция – бұл заң қарпінде өрнектелген жалпыұлттық идея. Одан бұрын мемлекеттің төлқұжаты, Тәуелсіздігіміздің ең басты тірегі де кепілі. Қай дәуірде, қай қоғамда болмасын, кез келген мемлекеттің пайда болуы, қалыптасуы, дәуірлеп-өрлеуі белгілі бір қағидаға сүйеніп жүзеге асатыны тарихтан белгілі. Айбарлы Ата Заңы болмаған елдің тәуелсіздігі баянды, болашағы жарқын болуы мүмкін емес.

Құдайберген Есекей, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі:
– Бұл күн соңғы кездері заң саласы қызметкерлерінің ғана мерекесі ретінде аталып өтетіндей болып көрінеді.
Ата заң – мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуы үшін мемлекет басшысы мен сол мемлекет халқының құқықтарын тең қорғайтын заңдардың қайнар көзі. Ата заңымызды соңғы кездегі кейбір жағдайларға байланысты енгізілген өзгерістерге зор құрметпен қарау қажет.
Құрметтеу құр даңғаза, көпірме сөз, қажетсіз шаралармен емес, заң талаптарын орындаумен бағалануы керек. Бұқаралық сипатта аталып өтуі тиіс.
Жол тәртібін бұзбаған – көлік жүргізушісі, сауда заңын бұзбаған – сатушы, әкімшілік талабын бұзбаған – көше тұрғыны тағы басқа заң талаптарын бұзбай жүрген тұрғындарды заңды сыйлаушы, Ата заңды құрметтеушілер деп білуіміз керек.
Заңды сыйлап, Ата заңды құрметтеуші барша қауым келе жатырған мереке құтты болғай.


Нағима Өтеулі, ардагер ұстаз:
– Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжаты – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Ал конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Конституциямызда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстанда азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді.
Конституциямызда айтылғандай, еліміздің ең басты қазынасы – адам, оның құқығы мен бостандықтары. Аталған заңнама осындай ұлан-ғайыр елімізде бірлігіміз жарасып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, тату-тәтті өмір сүруіміздің кепілдігі мен айқын нышаны болып табылады.
Ата заңымызды бұлжытпай орындаудың нәтижесінде Отанымыздың бірлігі нығайып, елдегі тұрақтылық пен татулық орнықты. Оған жаңа өзгерістер енгізу арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.
Конституциядағы өзгертулер еліміздің супер Президенттік билік түрінен классикалық үлгідегі Президенттік республикаға түбегейлі көшуді толықтай қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз, ауқымды саяси жаңғырудың маңызды бөлігі. Қазір еліміз ескі келеңсіздіктерді жойып, экономиканы дамыту мен өркениетке бой түзеу жолында.

Аяжан ЕСЕНЖОЛОВА, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің кітапхана меңгерушісі:
– Дүниежүзіндегі кез келген мемлекет өзінің алғашқы қадамын тәуелсіздігін жариялаумен қатар, Ата Заңы Конституциясын қабылдаудан бастайды. Бұл – сол мемлекетті құрушы ұлттың ғасырлардан бері жинақталған өзіне тән ұстанымының, заңдарының, жүрген жолдарының өзегінен шығып, келешегіне бағдар жасайтын басты белгісі.
Еліміздің негізгі Заңы уақыт сынынан сүрінбей өтіп, оның негізгі қағидалары барлық халықаралық стандарттарға сай келіп, қоғам мен мемлекетті дамытудың осы кезеңдердегі ең жетілдірілген үрдістерімен үйлесім тапты. Мемлекеттің тәуелсіздігін нығайту және экономикалық реформаларды жүргізудің басты құралына айналған бұл Ата Заң қазақстандықтардың барлық азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ете отырып, олардың өздерінің мемлекеттің сенімді қорғауында екенін терең сезінулеріне жағдай туғызды. Осы арқылы қазірде бүкіл қылмыстық-құқықтық саясатты ізгілендіру үрдісі де жүзеге асырылуда.
Конституция күні біз үшін қасиетті күн болу керек. Өйткені, Ата Заңымыз – Қазақстанның әлемдік өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғы-шарттарын жасап берген жасампаз құжат. Сондықтан конституциямыздың мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сондай-ақ жеке өзіміз, отбасымыз бен балаларымыз үшін маңыздылығын әрқайсымыздың жете бағалауымыз қажет. Әрбір азамат конституциялық құқықтарын біліп, сол заңдарды ұстануы керек.
Серік АҚМЫРЗА

30 тамыз 2022 ж. 386 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031