Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел тілегі ескерусіз емес

Ел тілегі ескерусіз емес

Бейсенбіде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентінің тұрғындарымен кездесіп, халықтың талап-тілегіне құлақ түрді. Еркін форматта өткен басқосуда аудан басшысы алдымен өткен тоқсандағы есепті кездесуде түскен ұсыныс-пікірлердің орындалу барысына тоқталды. Бұдан соң қазіргі таңда аудан көлемінде атқарылған және енді жүзеге асатын жұмыстарды баяндады. Алға қойған жоспарларды да жұртшылықпен бөлісуді жөн көрді.
Биыл аудан орталығында бұрын инфрақұрылымы жүргізілген 210 гектар жер учаскесінен есепке алынбаған тұрғын үйлерді газбен және электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізіледі. Бұл үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жеңімпаз мекеме анықталған соң құрылыс жұмыстары басталады. Сондай-ақ облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға аудан орталығындағы көшелер жөнделуде.
Қазіргі таңда Әйтеке би кентіндегі 7 көшеге қиыршық тас төселуде. Олардың қатарында ұзындығы 1 шақырымға жуықтайтын Қ.Қартақов көшесі бар. Одан бөлек, Қ.Ибрагимов, И.Байзақов, Бейбітшілік, Ә.Қашаубаев, Жанқожа батыр 3 км көшелері мен Біржан сал көшесінің бас жағына қиыршық тас төселуде.
Биылғы жылдың жағымды жаңалығының бірі – Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде салынып жатқан автоматтандырылған электрондық емтихан алаңы. Ол үшін облыстық бюджеттен тиісті қаржысы бөлінген. Мердігер мекеме «Болашақ» ЖШС құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Жақын күндері құрылыс жұмыстары толық аяқталып, автоматтандырылған электрондық емтихан алаңы пайдалануға беріледі.
Айта кететін жайт, бұған дейін аудан тұрғындары жүргізуші куәлігін алу үшін облыс орталығына барып, біршама қиындықтарға тап болатын. Енді ол олқылықтың шешімі табылатын күн алыс емес. Мұнда қазалылықтармен қатар, көршілес Арал мен Қармақшы аудандарының тұрғындары да жүргізуші куәлігіне қол жеткізе алады.
Бір мезетте бірнеше ғимарат бой көтерген Қазалыда жаңа білім ордасы салынуда. Әйтеке би кентінің «Достық» деп аталатын мөлтек ауданында орналасқан мектеп 250 оқушыға арналған. Бір гектар аумақты алып жатқан оқу ордасының қазіргі таңда шатыры жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары басталып кеткен. Жылдың соңына дейін ел игілігіне беру жоспарлануда.
Кезек ұсыныс-пікірлерге берілгенде кездесуге келгендер мұң-мұқтаждарын аудан басшысының назарына ұсынды. Тұрғындар тарапынан аудандық электр торабына баратын тікелей жол салынса, баға тұрақтылығы бақылауға алынса деген талап-тілектер түсті. Сондай-ақ қоғамдық көліктің уақытылы жүрмейтіндігі және сыйымдылығы аз екендігін мәселе ретінде көтерілді. Барлығын мұқият тыңдаған аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы тұрғындардың талап-тілегі ескерусіз қалмайтындығын, қажетті шаралар бірлесіп атқарылатындығын жеткізді. Айтылған ұсыныстарға байланысты жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Басқосуда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов ауданда атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды екенін тілге тиек етіп, елді ауызбіршілікке шақырды.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

26 тамыз 2022 ж. 204 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 40

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 36

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930