Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспана мәселесі – басты назарда

Баспана мәселесі – басты назарда

Қазалы ауданында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жақсы жолға қойылған. Атап айтар болсақ, бұған дейін аудан орталығынан 6 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 108 тұрғын баспанамен қамтамасыз етілген болатын.
Қазіргі таңда Әйтеке би кентіндегі «Аймақаш» мөлтек ауданынан жеке кәсіпкерлер үйлердің іргетасын қалап, құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізуде.
Жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аталған үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысып, жеке кәсіпкерлермен жүздесті.
Кездесуде кәсіпкерлер үйдің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалғанын жеткізді. Олардың айтуынша, қыркүйек айына дейін 6 үй дайын болады. Аудан басшысы үйлердің ішін аралап, құрылыс жұмыстарының сапасына аса қатты мән беруді тапсырды.
Айта кетейік, биыл баспана мәселесін шешу мақсатында жалға берілетін үйлерді сатып алуға бюджеттен қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға көлемі 60 шаршы метрден кем болмайтын 35 пәтер сатып алу жоспарлануда. Бұл пәтерлер тұрғын үйге мұқтаж адамдардың тізімінде тұрған жандарға беріледі.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мұнан соң 5 квартал аймағындағы 4 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, бүгінгі күні инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды «Жылу – ХХІ» ЖШС атқаруда.
Құрылыс басында аудан ­басшысы «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырын пайдаланушы Қазалы өндірістік бөлімшесінің басшысы Әділхан Ахмет және Әйтеке би кенті газ шаруашылығының директоры Қуаныш Сансызбаевпен кездесіп, тұрғын үйлерді табиғи газ және ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстарын талқылады. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаевқа аталған мекемелермен бірлесіп, бұл мәселені уақытылы шешуді тапсырды.
Одан соң аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы көппәтерлі үйдің жанында осы маңда тұратын тұрғындармен кездесті. Тұрғындар бұл маңда құбыр тартылып тұрғанымен ауызсу және газ мәселесі шемімін таппағандығын жеткізді.
Өз кезегінде аудан басшысы неліктен осы аумаққа ауызсу мен газ келмей тұрғанын түсіндіріп, шешімі жақын арада табатынын тілге тиек етті.
Бұл мәселені шешу үшін «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырын пайдаланушы Қазалы өндірістік бөлімшесінің басшысы Әділхан Ахмет және Әйтеке би кенті газ шаруашылығының директоры Қуаныш Сансызбаев та қолдан келгенін аянып қалмайтындықтарын жеткізді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
14 тамыз 2021 ж. 652 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930