Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Танкке "Z" белгісін салып кеткен қазақстандық қалай жазаланды

Танкке "Z" белгісін салып кеткен қазақстандық қалай жазаланды

Саран қаласының полициясы танкке “Z” белгісін салған ер адамды анықтады, деп хабарлайды Stan.kz 

Жазудың авторы 54 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
“Шешім қабылдау үшін материал сотқа жөнелтіледі”, - деп мәлімдеді Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұсақ бұзақылық жасаған адам 5 АЕК (15 315 теңге – Ред.) көлемінде айыппұл салынады немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының Саран қаласында белгісіз біреулер танкке “Z” белгісін салып кеткені туралы жазылған еді. Танк ежелден келе жатқан ескерткіш және Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларға арналған мемориалдың жанына қойылған.
Қылмыскерлерді іздеу үшін полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Ал бояудың үстіне әкімшілік қара бояу жағып қойған.
31 шілде 2022 ж. 461 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930