Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "KEGOC" компаниясына айыппұл салынуы мүмкін

"KEGOC" компаниясына айыппұл салынуы мүмкін

"KEGOC" акционерлік қоғамына ҚР Табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Экспресс К Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Табиғи монополияларды реттеу комитеті құбыр өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттың өтініші негізінде, "KEGOC" АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген.
Тексеру қорытындысы бойынша тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі бөлігінде ҚР Табиғи монополиялар туралы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған.

"KEGOC" АҚ-на қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-ші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, ол субъектінің өтініші бойынша соттың қарауына берілді.

Әкімшілік іс Табиғи монополияларды реттеу комитетінің пайдасына қаралған жағдайда, "KEGOC" АҚ-на 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады, — делінген хабарламада.
07 сәуір 2022 ж. 368 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930