Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды

«Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсенің отырысы өтті.

«AMANAT» партиясымен бірлесіп іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағытының шеңберінде Жамбыл облысын үлгі ете отырып, «Ауыл халқының табысын арттыру» жобасын жүзеге асыру тәжірибесін барлық өңірде қолдану көзделеді.
Жобаның шарттары – халыққа 2,5% мөлшерлемесінде несие беру арқылы ауылдық округтегі кәсіпкерлікті кешенді дамыту және оларға қызмет көрсететін сервистік-дайындау кооперативін құру.
Отырыс барысында «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру кезеңдері, соның ішінде жобаны жүзеге асыру тетіктерін жеңілдету мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар, ол 2346 ауылдық округтің әкімі жоба бойынша жұмыс істеудің негізгі мақсаттары мен ережелерін меңгеріп, оқуын аяқтағаны туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, Атырау және Ұлытау облыстарындағы ауылдық округтердің әкімдері Рафиғат Тәжіденова мен Дулат Сүлейменов жобаны тиімді іске асыруға бөгет болып отырған кедергілер туралы айтып берді.

«Тараз» ӘКК Басқарма Төрағасы Дәулет Әбілқайыров «Тараз» ӘКК» АҚ сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметтерді іске асыру және кооперативтерді құру тәжірибесі жөнінде баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша, Ералы Тоғжанов облыс әкімдіктеріне «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру жұмысын бюджет қаражаты бөлінбей тұрып аяқтауды тапсырды.

20 шілде 2022 ж. 790 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 144

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031