Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төрт миллионға жуық қазақстандықтың жалақысы артады

Төрт миллионға жуық қазақстандықтың жалақысы артады

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға "Халықтың табысын арттыру" бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Вице-премьер бұл халықтық бағдарлама екенін атап өтті. "Біріншіден, бағдарлама 1 миллионнан аса бюджет саласы қызметкерінің, сонымен қатар квазимемлекеттік сектордың өндірістік персоналының жалақысын арттыруға бағытталған. Оның ішінде 850 мың бюджет, 200 мың өндірістік саладағы азаматтар бар", - деді Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, келесі аптада "Самұрық-Қазына" қорында квазимемлекеттік секторға қатысты жиын өтеді. Кездесу барысында жалақыны көтеру мәселелері талқыланады.
"Сондай-ақ 2,8 миллион қызметкердің жалақысын бизнес пен мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа тікелей қатысы бар жобалар арқылы көбейтеміз. Әсіресе, мемлекеттің тікелей қолдауын алатын бизнес саласына 2,8 миллион азаматтың жалақысын көтеруге қарсы талап қойылады", - деді премьер-министрдің орынбасары.
Тоғжанов бағдарлама аясында экономиканың түрлі саласында 2025 жылға дейін 2 миллионнан астам жұмыс орны ашылатынын айтты. Атап айтқанда, өндіріс саласында – 950 мың, инфрақұрылым саласында – 583 мың, ауыл шаруашылығында – 458 мың, туристік салада – 59 мың жұмыс орны құрылады. Мұның бәрі табысқа тікелей әсер ететін жобалар, деді үкімет басшысының орынбасары.
28 сәуір 2022 ж. 504 0

Атышулы оқиға ақиқаты

15 сәуір 2025 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930