28 шілде – Бүкіләлемдік гепатитке қарсы күрес күні

Егер сіз Д-есепте тұрсаңыз, осы аурулар кезінде медициналық көмек тегін және толық көлемде – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.
Динамикалық бақылау туралы не білуіңіз керек?
Орта медицина қызметкері тексеруді 3 айда 1 рет жүргізеді
БМСК дәрігерінің қарауы – 6 айда 1 рет болады
Қандай бақылау зерттеулерінен өту керек?
Тромбоциттермен қанның жалпы талдауы – 6 айда 1 рет
Қанның биохимиялық талдаулары: аланинаминотрансфераза(АЛТ), аспартатаминотрансфераза(АСТ), фракциялар бойынша жалпы билирубин, креатинин, Альфа-фетопротеин (АФП) – 6 айда 1 рет
Коагулограмма: халықаралық нормаланған қатынас (ХНҚ) – 6 айда 1 рет
«В» вирустық гепатитіне (HBV-ДНҚ) полимеразды-тізбекті реакция сапалы, оң нәтиже кезінде «В» вирустық гепатитіне (HBV-ДНҚ) ПТР жүргізу сандық – 6 айда 1 рет
Бауыр УДЗ – жылына 1 рет
