Қазақстандықтарға қандай медициналық көмек тегін көрсетіледі?

Мемлекет бұрынғыша халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында базалық медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді: Жедел және шұғыл медициналық көмек (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);
емханаларда қызмет көрсету:
- әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды терапевтің, оның ішінде бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру,
- зертханалық қызметтер,
- диагностика,
- емдеу,
- вакцинация,
- скринингтер,
- 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау,
- жүктілікті жүргізу.
Диагностика және емдеу:
- әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, АИТВ, психиканың бұзылуы, қатерлі ісіктер),
- негізгі созылмалы аурулар (диабет, артериалық гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т. б.),
- айналадағыларға қауіпті жіті жұқпалы аурулар.
Сондай-ақ, белгілі бір ауру мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар тегін дәрі-дәрмек ала алады.
Еске салайық, 1 шілдеге дейін Қазақстанда жеңілдік маусымы болған еді. Яғни ол бойынша қазақстандықтардың барлығы медициналық сақтандыру қорының жүйесінде тіркеулі болатын.