Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Галотерапияның ғаламаты

Галотерапияның ғаламаты

Қазалы ауданында шағын және орта бизнестің қарқыны жаман емес. Бұл күні жаңашылдықты жаны сүйетін тұрғындар елден ерек дүниені жүзеге асыруға ұмтылады. Сондай жанның қатарынан Аида Ерғалиқызы да айрықшаланып тұр. Олай дейтініміз, ол аудандардың ішінде алғаш болып тұзды үңгір қызметін халыққа ұсынуда. Бұдан бөлек тұрғындарды әсемдеп, бет-әлпетін әрлеу үшін косметологиялық жүйені де қолға алған.
Сонымен қатар қазалылықтардың ағзасына кешенді әсер ету бағытында дененің қан айналымын реттейтін массаж түрін де меңгерген. Бұл қызметтерді іске асыру мақсатында мемлекеттік бағдарламаның бірі – "Бизнестің жол картасы – 2025" жобасымен үміткер ретінде конкурсқа құжатын дайындаған. Жіберілген 12 жобаның 4-еуі мақұлданып, жас кәсіпкер Аида Болаттың ұсынысы таңдалады.
Жалпы галотерапия – ағзаны сауықтырудың бірегей және тиімді әдістемесі саналады. Оның негізінде жер асты тұзды үңгірлердің микроклиматын қолдану жатыр. Тұздың микроскопиялық түйіршіктеріне қанық ауаны деммен ішке тарту ластайтын заттар және аллергендерді болдырмауға мүмкіндік береді. Жүйке жүйесінің күйін қалпына келтіреді және жалпы психикалық-эмоциялық көңіл-күйді үйлестіреді. Ағзаның тазаруына жағдай жасайды. Терінің табиғи қорғаныс қызметін жақсартады, микроциркуляцияны жандандырады. Бұл осындай процедураларды косметологиялық бағдарламаларда белсенді қолдануға мүмкіндік береді.
– Көптеген зерттеу барысында созылмалы респираторлық аурулардың айтарлықтай дұрысталғанын, түрлі аллергияға, синуситке жақсы әсер ететіні дәлелденген. Бүкіл әлем бойынша жүргізілген 40 жылдық зерттеулердің негізінде бронх демікпесі, созылмалы бронхит, ЛОР, өкпе, респираторлы, тері және қан айналымы жүйесінің аурулары мен вирустық инфекцияларға галотерапия қабылдаған тиімді екені дәлелденген.
Себебі тозаңданған тұзды аэрозоль бөлшектерінде бактерицидтік және бактериостатикалық әсері бар. Тынысалу жолдарына оң әсер етеді. Бронх эпителінің жұмысын үдетеді және ісінуін азайтады. Емделушіге қақырықтан құтылуға және тыныс алу жүйесінің жеңілдеуіне көмектеседі. Галотерапия нейтрофильдердің және микроорганизмдегі патогендердің санын азайтуға да септігін тигізеді. Созылмалы фарингит тамақтың шырышты қабатының қабынуын азайтады. Галотерапия белсенді тыныс алу жүйесінің әртүрлі ауруынан зардап шегетін балалар мен ересектердің жағдайын жеңілдету үшін пайдаланылады, – дейді Аида Болат.
Нақты айтқанда, арнайы құрылғы көмегімен жіберілетін аэрозоль ауа тамшылары арқылы емделушінің тыныс органдарындағы бактериялар жойылып, жаңару процесстері жүреді. Ем дәрі-дәрмексіз табиғи жолмен атқарылады.
Бүгінде "Асылым мед" Шығыс емдік орталығы ішінен ашылған 6 орындық тұзды үңгірдің күніге 20-30 адамды қабылдауға қауқары жетеді. Мұнда бір адам емдік процедураны 40 минут қабылдайды. Жас қыздың айтуынша, әзірге халық оның пайдасын түсіне қойған жоқ. Сондықтан галотерапияны алуға адамдардың құлшынысы да аз.
Қазір Аида екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Табыскер жастың сөзіне мән берсек, орталықта "Алтын ине" қызметі де қарқынды жүргізілуде және хиджама жасалады. Емдік фитобөшке де іске қосылған. Осының барлығы арнайы 4 бөлмеде қызмет етеді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
26 шілде 2022 ж. 579 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031