Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда «пранк» ұғымы заңнамаға енгізілмейді

Қазақстанда «пранк» ұғымы заңнамаға енгізілмейді

ҚР Ішкі істер министрлігі «пранк» ұғымына заңнама тұрғысынан түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Пранк» ұғымы бойынша заңнамаға өзгеріс енгізу орынсыз. Өйткені пранкерлердің іс-әрекетін құқықтық бағалау қолданыстағы заңнамада қарастырылған», - деген жауап келді ведомстводан ҚазАқпараттың сауалына. Сондай-ақ, министрлік «пранк» әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық тұрғыда мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген соттардың құзыретіне жататынын түсіндірді. «Қазақстан Республикасының заңнамасы құқық бұзушыларды пранкерлер, блогерлер, журналистер және тағы басқа деп бөлмейді. Сол сияқты жеке және заңды тұлғалардан басқа, пранкерлерге қатысты статистика жүргізілмейді» делінген ресми хабарламада. Еске сала кетсек, биыл сәуірде Алматы қаласында бірнеше «пранк» жасау жағдайы тіркелді. Алматылық тұрғын әлеуметтік желіде пранкер ретінде өзінің көрермендерін көбейту мақсатында «Магнум» сауда дүкенінде видео түсірген. Одан бөлек, Алматыда «қыз алып қашып» пранк жасағандар ұсталып, жазаланды.
21 шілде 2022 ж. 619 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 124

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 78

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 37

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031