Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бағаға бақылау керек

Бағаға бақылау керек

Жексенбіде әдеттегідей үй тазалығына кірістік. Бөлмеден-бөлмеге заттарды көшіріп жүріп, анамның қойын дәптерін тауып алдым. Шаң басып қалыпты. Ішіне үңіліп едім, осыдан екі жыл бұрынғы дүкенге барғандағы жазған тізімі екен. Ұзын-сонар тізімде сол жылғы азық-түлік бағасы жазылған. Онда нан – 50 теңге, қант – 200, сүт – 180 болса, қой етінің киллограмы – 1000 теңге депті. Содан кейін қызыға дүкенге жөнелдім. Жоғарыда аталған заттардың тізімін алып, қызыл дорбаға сала түстім. Кассадағы кезегім келіп, алған тауарларды біртіндеп өткізе бастады.– Барлығы 3370 теңге болды, – деді кассашы.
Мен де көп мүдірмей айтылған сомманы төлеп, үйге қарай беттедім. Асықпай жетіп, берілген түбіртек тізіміне көз жүгірттім. Онда нан – 120, қант – 900, ал сүт – 350 болса, қой еті – 2000 теңгеге дейін өсіпті. Жалпы екі жыл көп уақыт емес. Салыстыра келе 2020 жылы 1430 теңге тұрған тауар тізімі, бүгінде 3370 теңгеге өскен. Ол дегеніміз әрбір заттың аз уақытта 60 процентке өсуі. Яғни нарық бағасы елдің даму процесінен де жылдам деген сөз. Бұлай жалғаса беретін болса, ел болашағы не болмақ? Қазіргі кезде 50 мың айлықты шайлығына жеткізе алмай жүрген жандар бір күнін екінші күнге жалғай ала ма? Әлде бағаны бақылауға тиісті орындардың жұмыс жасамауынан туындап отырған жәйт па?


Ғалымжан Мұратұлы, Қазалы ауданының ауылшаруашылық бөлімінің статист маманы:
– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтылығын бақылау мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан күнделікті мониторинг жұмыстары жасалынып, оларға талдау жүргізіліп отыр.
2022 жылдың 1, 2 және 3 тоқсанға ӘМАТ тауарларына шекті мәндері белгіленіп, облыс әкімінің қаулысымен бекітілді. Қаулы негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстеме баға 15 проценттен асырмау қаралған.
Қазіргі таңда республиканың жер-жерінде барлық өнім түрлері бойынша бағалардың тұрақсыздығы байқалып, жергілікті сауда орындарындағы баға тұрақтылығына кері әсерін тигізуде. Мысалы, аудандағы көтерме тасымалдаушы кәсіпкерлердің айтуы бойынша Түркістан, Шымкент және тағы басқа қалаларда жыл басынан бастап тауарлардың бағасына алыпсатарлар жүзеге асыратын, негізгі азық-түлік тауарларының алыс-беріс барысында жоғары үстеме бағаға ие болған.
Айта кету керек, аудан әкімдігімен «Байқоныр» ӘКК АҚ-мен бірлесе отырып, әлеуметтік маңызы бар қалыпты нан бағасын тұрақтандыру мақсатында аудандағы наубайханаларды бірінші сұрыпты ұнмен қамтамасыз ету үшін «РЗА-Нан» ЖШС оператор болып белгіленді. Ағымдағы жылдың наурыз, маусым айлары аралығында ауданға 133 тонна ұн жеткізілді.
Қазіргі таңда 5 наубайханада тәулігіне шамамен 1000 дана әлеуметтік нан шығарылып, аудан көлеміндегі 33 сауда орындары мен дүкен сөрелерінде 75 және 85 теңге аралығында сатылуда.

Айғаным Әділмұратқызы, тұрғын:
– Отбасында ата-енем, жұбайым және екі баламмен бақытты өмір кешудеміз. Тиісінше айдың басында азық-түлік пен керек-жарақты алып, оны келесі айға жеткізу қазір әрбір отбасының негізгі миссиясы болып отыр. Осы орайда бағаның шарықтап кеткені барша тұрғындар үшін ауыр соққы болды.
Біз де жанұямызда алты жан болған соң, азық-түлікті молынан аламыз. Яғни 15-20 мың теңгеге. Ал қазір сол ақша көздеген тауардың жарты бағасына да жетпейді. Баға күн санап өсіп келеді. Құдды бір «Ертөстік» секілді. Тіпті кей кәсіпкерлер зейнетақы немесе басқа да әлеуметтік көмек алатын жандардың қаражатының түскенін аңдып, дәл сол уақытта бағаны аспандатып жібереді. Оған бір ғана мысал: Жуырда базардан картопты киллограмын 150 теңгеден алсам, зейнетақы түскен сәтте 170 теңгеге жетті. Бұл сұмдық қой! Қалтаның қалыңдығын көксеген жандарға айтарым, бір сәтке елдің қамын да ойлап қойғандарыңыз жөн.

Айдана Суханова, кәсіпкер:
– Өздеріңіз білетіндей азық-түлік қана емес барлық заттың бағасы аспандап кетті. Яғни баға күн санап өсуде. Өткен жылғы көрсеткішпен мүлдем салыстыруға да келмейді. Өзім кәсіпкер ретінде айтар болсам, қарапайым кеше ғана 150 теңгеден сатылған сусын, бүгінде 250 теңге тұрады.
Жалпы ол біздің, «сатушылардың тарапынан әдейілеп қойылған баға» деген сыни пікірлер де естіп жатамыз. Әлбетте олай емес. Қандай кәсіпкер болмасын белгілі бір затты өндіруші компаниядан тікелей алмайды. Екі ортадағы делдалдар жеткізіп отырады. Шынын айтар болсақ, дүкен сөресіндегі әрбір заттың негізгі бағасына 20-30 теңге ғана қойып, қайта сатамыз. Бұның өзі бізге ауыр. Себебі көбіне сатылған тауардың есебі келіспей жатады.
Тағы бір айта кететіні, саудагерлер жайлы шариғатта да көп нәрсе айтылған. Онда әрбір сатушының таразыдан жеу және басқа да саудаға қатысты заңдылығын бұзбауы жайында ескертілген. Сол үшін де біріншіден Құдайдың қаһарынан, ал екінші халықтың назарынан қорқамыз.

Серік АҚМЫРЗА

12 шілде 2022 ж. 516 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031