Дарынымен дараланған Қылышбек

Оқу үздігі мектептің мақтанышы. Сыныптың қоғамдық өміріне белсене араласатын, табиғатынан дарынды оқушы. Көптеген республикалық, облыстық, аудандық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі «Бейбітшілік әлемі» ұйымтастыруымен өткен ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында «Мәңгілік ел – Қазақстан» атты «математика» пәнінен зияткерлік турнирде I орынды иеленді. Ташкент қаласында өтетін халықаралық «Достық» өнер фестиваліне, ғылыми конференцияға қатысуға жолдама алды.
Қазақстан Республикасы ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының жеңімпазы. «Мәңгілік ел алыптары» республикалық рухани-патриоттық байқауында I дәрежелі лауреат атанды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» атты бағдарламалық мақаласын білім алушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ҚР ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЛТЫН КІТАБЫ» атты республикалық байқауының жеңімпазы.
Қылышбек болашақта хирург болуды армандайды. Сондай-ақ ғылыммен айналысып, отандық медицинаның дамуына үлес қоссам деген мақсаты да жоқ емес. Талабы таудай жеткіншек талай додаларда дарынымен дараланып, үкілеген үміттерді жалғайды деп сенеміз.
Серік ӘЛИҰЛЫ