Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақсаты биік Мұратасыл

Мақсаты биік Мұратасыл

Ұрпақ тәрбиелеу – ұстаздар мен ата-ананың негізгі міндеті. Қазіргі таңда жан-жақты білім аламын деген жастарға мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып, қолдау көрсетіліп келеді. Кез келген ата-ана өз баласының болашағы үшін тер төгіп, білікті маман болғанын қалайды. Ал мұндай жетістікке жеткізер жолдың бастауы – мектеп, сол шаңырақтағы берілген білім жеткіншектің бар тірлігінің қайнар бұлағы болып табылады.

Өз болашағын бүгіннен ойлаған Мұратасыл Асқар мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап үздіктер қатарынан бой көрсетіп үлгерді. Соның нәтижесінде 1-6 сынып аралығында үздік оқушы, бірнеше мәрте халықаралық пәндік олимпиадалардың жүлдегері, республикалық, облыстық және аудандық байқауларда жеңімпаз атанды. 2017 жылы жарық көрген «Сыр үміттері» атты Қызылорда облысындағы ең үздік оқушылардың энциклопедиясына шықты. Тәртібі мен озат оқушы екендігін мектепішілік ата-аналар жиналысында өзгелерге үлгі ретінде көрсетуі әке-шешесінің мерейін көтеріп тастайтын. Әсіресе ұстаздар оның математика мен логикаға деген қабілетінің жоғарылығын айрықша атайды.

Жуырда ғана мектеп-лицей мақтанышы Мұратасыл Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің грант иегері атанды.
– Алғашқыда үйден алысқа жібергіміз келмеді. Алаңдаушылық білдіріп, қазіргі кезде оқып жатқан мектебіңді жалғастыра берсең қайтеді деп ұсыныс айттық. Алайда Мұратасыл 7 сыныпты Алматы қаласындағы физика-математика мектебінде жалғастырғысы келетіндігін, сынаққа қатысып бақ сынайтынын айтты. Баланың көңілін жықпадық. Құлшынысы да жоғары болды. «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» дегенді ұстанып, бәріне тәуекел еттік, – дейді әкесі Ерлан Нұржаубаев.

Осы ретте Мұратасылдың ата-анасы баласының білімге деген қызығушылығын оятқан Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Гүлмараш Жаржанова, баста­уыш пәнінің мұғалімі Эльмира Қирабаева, сондай-ақ математика пәнінің мұғалімі Бекарыс Сапаев пен білім беру мекемесіндегі барлық ұлағатты ұстаздар еңбегінің ерекше екенін атады.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

10 шілде 2019 ж. 883 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930