Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Парктер шеруі – 2018

Парктер шеруі – 2018

Аудандық білім бөлімінің және Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорының бірлесіп ұйымдастыруымен 11 сәуір күні №204 мектеп базасында Республикалық «Парктер шеруі - 2018» табиғат қорғау аясында «Жас экологтар» слеті болып өтті.
Мектеп оқушылары мен жасөспірімдерді отансүйгіштік пен табиғатты баулуға, туған өлкесіне жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында өткізілген «Жас экологтар» слеті жоспарға сәйкес 4 бағыт бойынша жүргізілді. Аталған шараға 14 мектеп қатысып, нәтижесінде «Арал өңірінің немесе туған өлкенің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша макет-жоба әзірлеу» бағыты бойынша І орынды №249 мектеп, ІІ орынды №216 мектеп, ал ІІІ орынды №266 мектеп-лицейдің оқушылары, «Өңірде жасыл технологияларды пайдалану бойынша ғылыми-жоба» бағыты бойынша І орынды №70 мектеп, ІІ орынды №17 мектеп, ІІІ орынды №182 мектеп оқушылары, «Табиғат, табиғатты қорғау, аялау тақырыбында оқушылардың өз шығармашылығынан эссе, өлең оқу» бағыты бойынша №204, 216, 249, 90, 17, 16, 70 мектептердің оқушылары алғыс хат иемденіп, №90 мектептің мұғалімі Жалелова Динара «Ең үздік экологиялық сабақ» номинациясын жеңіп алды. Ерекше көзге түсіп, жеңіске жеткен оқушыларға Барсакелмес қорығының атынан сыйлықтар, төсбелгі мен галстук табысталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
16 сәуір 2018 ж. 4 369 0

Шегіртке шепті бұза ма?

31 мамыр 2025 ж. 44

Сазгер кеші

31 мамыр 2025 ж. 57

Алтын арқау «АЗиЯ»

30 мамыр 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031