Абайлаңыз, алаяқ!
Алаяқтық әрекеттерді еркек те, әйел де, ересек те, кәмелетке толмаған да жасауы мүмкін. Себебі пайдакүнемдік қасиеттер адамзат арасында кең тараған. Ал алдау мен жалған мәлімет айту – осы күні қиынға соқпайтын әрекетке айналды. Бұл қылмысқа Ежелгі Рим заңгерлері нақты анықтама беріп, оны түр-түрге жіктеген. Олардың ойынша, алаяқтық – бұл жәбірленушіні алдап, кінәлі үшін пайда алу тәсілі. Олар алаяқтықты ауыр қылмыстар қатарына жатқызған. Сондықтан жаза ретінде кінәлі алыс аралдарға жер аударылатын.
Алаяқтық деп – бөтен мүлікті алдау жолы арқылы алып қою мақсатымен жасалатын тұлғаның қасақана әрекеттерін түсінеміз. Алдау ретінде өтірік, жалған мәліметтер, әрекеттер, ақиқатты бұрмалау келтіріледі.
Бүгінде алаяқтар оңай жолмен ақша табудың түрлі әдісін ойлап табуда. Соңғы уақыттары “Аltel”, “Теlе 2” нөмірлерінен халыққа “Сізге кредит рәсімделуде” деген сарында хабарласушылар жиілеуде. Маған да бір айда бірнеше мәрте Дмитриймін, Кристинамын “Каспий” банкінің менеджерімін деп мазамды алып жүр. Тіптен біреусі әлеуметтік желі арқылы аудио шалу арқылы байланысқа шыққысы келген. Мамандардың кеңесіне құлақ түрсек, мұндайда салқынқандылықты сақтау қажет. Өйткені олар түрлі жолмен арбап өз келісіміңіз бойынша несие рәсімдеуі ғажап емес. Сондықтан әрбір шалынған қоңырауға жауап бергенде сақ болған абзал.
Мәселен, жақында салық қызметкері Олжас Отарға Нұр-Сұлтан қаласы полиция капитаны Нұрболатов Дмитрий Шамиловичпін деп хабарласқан. Айтуынша, Олжастың атынан Каспий банкке көп мөлшерде несие алуға бір әйел келіпті.
– Оның қолында менің атымнан берілген сенімхат пен құжаттарымның нотариалдық бекітілген көшірмесі бар екен. Әлгі капитан сізде несие бар ма немесе уақытынан кешіккен кезі болды ма, онда мұндай пароль деп арбай бастағанда, мен (Кірістер деп айтпай) комитет қызметкерімін дегенімде телефонды қоя салды. Қайтадан өзім қоңырау шалсам, бір қазақ әйел алып мен соққан телефон жоқпын деп жағдайды түсіндірмек болсам ит терімді басыма қаптады. Полицияға арыз бердім.
Бүгінде осындай алаяқтық белең алуда. Абай болыңыздар! – дейді Олжас Отар.
Қазір құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, қылмыскерлер келесідей тізбекпен әрекет етеді екен. Олар ұялы телефонға қоңырау шалып, өздерін полиция қызметкерімін деп таныстырады. Содан кейін сіздің атыңызға несие алмақ болған алаяқтарды ұстау бойынша арнайы іс-шара жүргізіліп жатқанын айтады.
Тағы бір жолы жалған полиция қызметкері Ұлттық банкімен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқанын және олардан Ұлттық банк қызметкеріне байланысты ауыстыру үшін желіде қалуды сұрайды. Одан әрі телефонның ар жағындағы дауыс сіздің картаңызға рұқсат етілмеген аударымдар жасалып жатқанын және ақшаңызды үнемдеу үшін банктік шотыңызға немесе үшінші тұлғалардың шотына белгілі бір соманы салу керек екенін түсіндіреді.
Тәртіп бойынша полиция қызметкерлері ешқашан телефон арқылы арнайы іс-шаралар мен тергеу әрекеттерін жүргізбейді. Бұл мақсат үшін олар баратын күні мен уақытын белгілеп, полиция бөлімшесіне келуге шақырады.
– Есте сақтайтын жайт – банк қызметкерлері ешқашан сіздің картаңыздың деректемелерін сұрамайтынын, сондай-ақ телефоныңызға келетін кіру кодтарын айтуды талап етпейді. Мұндай жағдайларда телефон арқылы сөйлесуді тоқтатып, банк картасында немесе банктің сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қайта қоңырау шалу керек. Ешбір жағдайда банк картаңыздың ақпаратын немесе жеке ақпаратыңызды ешкіммен бөліспеңіз, – дейді полицейлер.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА