Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан шетелден 640 млрд теңге қарыз алмақ

Қазақстан шетелден 640 млрд теңге қарыз алмақ

Қазақстан шетелден 640 млрд теңге қарыз алмақ. Сенат төрағасы экономикалық өсімді қамту үшін ішкі ресурстарды іздеу қажеттігін айтты , деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы turkystan.kz-ке сілтеп.

Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, біздің экономика мұнайдың бағасына байланған. Бұл – дұрыс емес. Оның ойынша, бұл өз кезегінде бюджет тапшылығына әсер етеді. Ал бюджет тапшылығы салдарынан сырттан қарыз алуға тура келетін көрінеді.

«Бір жағынан, банктер экономиканы несиелендірмейді немесе жоғары пайыздық мөлшерлемемен несие бермейді. Екінші жағынан, біз халықтың ақшасы арқылы шағын орта бизнес үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялаймыз. Тек «Даму» қорының желісі бойынша биыл 170 миллиард теңге бөлеміз. Осылайша, біз жоғары пайыздық мөлшерлемені сақтай отырып, соны төмендетуге тағы бюджеттен жұмсап отырмыз. Әлбетте, бұл мемлекеттік органдарға да, банктерге де қолайлы. Өйткені тәуекел мен жауапкершілік аз.

Бюджет тапшылығы 3,3% деңгейінде қалып отыр. Оны толтыру үшін сырттан 640 млрд теңге алынады. Ал ішкі көздер 780 млрд-қа төмендетіледі. Сонда бір жыл ішінде тапшылық болмашы күйде ғана жабылып отыр. Бірақ бізде қаражат жоқ деп айту дұрыс емес, ішкі ресурстар бар», – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.


06 мамыр 2022 ж. 559 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031