Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзгерістерге бастау болған жиын

Өзгерістерге бастау болған жиын

Кеше Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен “AMANAT” партиясының кезектен тыс XXIII съезі шақырылып, онлайн форматта делегат ретінде қатыстым.
Жиын барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселесі қарастырылды. Жалпы қазір партиялық жүйеде белсенді саяси партиялардың күшеюге бет ала бастағанын байқауға болады. Мысалы бүгінгі «ADAL» партиясының «AMANAT» партиясына қосылу туралы шешімі. Партиялардың нығаю үдерісін қолдау керек деп есептеймін. Өйткені ол азаматтық қоғамға, қарапайым азаматтар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы диалогтың тиімділігіне оң әсер етеді.
Жиындағы тағы бір негізгі мәлімдемелердің бірі ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың өз төрағалығын тоқтатуы жөнінде хабарлағандығы. Сондай-ақ төрағалыққа Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов ұсынылып, делегаттар тарапынан партияға жаңа төраға сайланды.
Сөз соңында Мемлекет басшысы еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығы жолындағы партия жұмысына сәттілік тілеп, Жаңа Қазақстан құру жолында батыл өзгерістер керек екенін және бұл өзгерістерді әркім өзінен бастау керек екенін жеткізді. Жаңа әділ Қазақстанды құру үшін жаңаша бағыттағы партия жұмыстарын бірлесе жүргізе беруіміз қажет деп есептеймін.

#AMANAT
Аманбай ЕРХАТОВ
27 сәуір 2022 ж. 514 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 147

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031